Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бір кен орны, бір мақсат және түрлі тағдыр. Қаражанбастың қалыптасуы мен дамуы, әрбір жұмыс күні, қиындықтар мен жетістіктер туралы ардагерлер естелігі ерекше. Бүгін біз өндіріс алаңында 30 жылға жуық еңбек еткен №1 мұнай өндіру цехының ұңғыма дебиттерін өлшеуші – жас мұнайшыларға айтары мол сала ардагері Жұмагүл Байтілеуованың естелігімен бөлісеміз. Ол өндірістегі жұмыстың қиындығына қарамастан ерлермен иық теңестіре жұмыс істегенін мақтан тұтады.
«30 жыл ішінде біз көптеген қызықты күндерді бастан кештік, қиын шақтарды да еңсердік. Қыстың суығы мен жаздың аптабында, қою балшыққа қарамастан кен орнын жаяу аралап, ұңғыма дебиттерін өлшеп, мәліметтер жинадық. Заманауи технологиясыз, арнайы киім мен автокөліксіз де нәтижелі жұмыс істедік. Кәдімгі шыны банкалармен шай ішкеніміз есімде. Алайда, ең бастысы, бізде мықты ұжымдық рух пен бірлік болды. Мен сүйікті кен орнымыздың қазіргі жетістіктерін көріп, қатты қуанамын. Жыл сайын жаңа технологиялар енгізіліп, жұмысшылардың еңбек жағдайы жақсаруда. Қаражанбас жаңа белестерді бағындырып, қарыштап дами берсін!», – дейді ардагер.
Жұмагүл Байтілеуованың айтуынша, олардың басты мақсаты сол жылдары өндіріс көлемін арттыру болды. Мақсатқа жету жолында автокөлік, арнайы киім және жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі кедергі болмаған. Ардагер қазір мүмкіндіктердің мол екенін көріп еңбегінің еш кетпегеніне қуанады.
Дереккөз: «Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі
223
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!