Главная Новости Қаражанбасмұнай ардагерлерінің қатары артты
23 желтоқсан 2022, 10:30 1191

Қаражанбасмұнай ардагерлерінің қатары артты

Қаражанбасмұнай ардагерлерінің қатары артты

«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы қабат қысымын ұстау цехының басшысы Шамиев Ақмұрат Үбіханұлын құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Оңғар Қабылов пен Өндірістік басқарма директоры Кәрім Бозахаров ардагерге Қаражанбас кен орнында ұзақ жылдан бері өз міндеттерін кәсіби әрі адал атқарғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ҚБМ-да қалыптасқан игі дәстүр бойынша қазақтың ұлттық шапанын жапты.

Ақмұрат Шамиев Қаражанбаста өндіріс басталған шақтан, яғни 40 жылға жуық уақыттан бері еңбек етеді. Қызметін тауар операторы болып бастап, кейін шебер, ауысым басшысы, инженер, ҚҚҰЦ басшысының орынбасары, цех басшысы ретінде абыройлы жұмыс істеді. Өнегелі еңбек жолын өткерген кәсіби маман үлкен ұжымның ажырамас бөлігі, жастарға оң бағыт беретін дана тәлімгер және білікті басқарушы бола алды.

«Сіз өміріңіздің ұзақ жылдарын ең жауапты және күрделі салаға арнадыңыз. Сіздің жұмысқа деген қабілетіңіз бен көзқарасыңыз, азаматтық ұстанымыңыз әрқашан зор құрметке ие болды. Өмірдің жаңа да маңызды кезеңін зор күш-қуатпен, жігермен қарсы алып отырғаныңыз қуантады. Отбасыңызға зор денсаулық және амандық тілейміз», – деді Оңғар Қабылов.

Өз кезегінде Ақмұрат Шамиев те ұзақ жыл әріптес болған басшылық пен еңбек ұжымына зор алғысын білдірді. Ол білімі мен тәжірибесін туған өлке өндірісіне арнап, өмірінің ең жарқын жылдарын Қаражанбаста өткізгеніне дән риза. Ардагер соңғы вахта ауысымын сәтті аяқтап, көңілінде қимастық болса да, кен орнын жалынды жас мұнайшыларға сеніп тапсыра алатыны үшін қуанатынын жткізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: