Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да автопаркті жаңарту жұмыстары белсенді жалғасып келеді. ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев көлік қызметкерлеріне екі жаңа арнайы техниканың кілті мен екі тіркеме табыс етті.
Пайдалануға берілген ЦА-400 цементтеуші агрегаттары ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу кезінде құбырлардың қысымын өлшеп, жер қабаттарына су айдау, цементтеу қызметтерін атқарады. Оған қоса ыстық және салқын сумен ұңғыма бөлшектерін жууға, құбырларды шаюға пайдаланылады.
Сондай-ақ, ауыр техникаларды тасымалдау, су тасу мен суару жұмыстарына арналған қос тіркеме өндірістік процесті жандандыруға зор үлес қосады. Айта кетейік, аталмыш көліктер интеграциядан кейін, автопаркті жаңарту басталғалы пайдалануға берілген он бесінші арнайы техника.
«Интеграциядан кейін көлік басқармасында оң өзгерістер көбейді. Қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүйеленді. Ал пайдалануға берілген жаңа көліктер жұмысты жедел әрі нәтижелі орындауға мүмкіндік береді», – деді жұмысшылар.
Көлік қызметкерлеріне бұған дейін табысталған автобустар, автогидрокөтергіш, автоцистерна, ЖБГҚ, автокран сияқты техникалар кен орны объектілеріндегі қызметін сәтті жалғастыруда. Автопаркті жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
104
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!