Главная Новости Қаражанбасмұнай басшылығы еңбек ұжымына есеп берді
11 ақпан 2022, 08:30 1650

Қаражанбасмұнай басшылығы еңбек ұжымына есеп берді

Қаражанбасмұнай басшылығы еңбек ұжымына есеп берді

Қаражанбас кен орнында «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы II вахта ауысымның еңбек ұжымымен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуде ҚБМ Басқармасы жұмысшыларға 2021 жылдың қорытындысы бойынша компанияның негізгі өндірістік көрсеткіштерінің, кадрлық-әлеуметтік, шаруашылық қызметінің орындалуы туралы есеп берді. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарларын айтты.

Есеп беру жиналысына ҚБМ Бас директоры Ли Тецян, Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев, жергілікті кәсіподақтар төрағалары, сондай-ақ блоктар мен негізгі бөлімшелердің басшылары қатысты. Алғаш боп сөз сөйлеген Басқарма 2021 жыл жарқын оқиғаларға толы болғанын, олардың бірі – интеграция екенін атап өтті. Пакеттік мәміле аясында 1 шілде күні ҚБМ сервистік компанияларды бір үлкен кәсіпорын етіп біріктіріп, жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Алайда, өндіріс процесі әлі күнге дейін жалғасып жатқан пандемия салдарынан қалпына келтірілуде. Мұндай жағдаймен дағдарысқа дейінгі өндіріс деңгейіне оралу оңай болған жоқ.

«Вирус жұқтыру жағдайының артуына байланысты ұңғымаларды жер асты жөндеу топтарының жетіспеушілігі туындады. Жұмысын тоқтатқан ұңғымалар саны артып, өндіру көлемі төмендеді. Бұрынғы деңгейге оралу үшін бұрғылауға күрделі салымдар қысқарды. Өндіру деңгейін көтеру үшін тәуліктік өндіріс жоспары жасақталды. Жедел бақылау шаралары арқасында 2,096 мың тонна мұнай өндірілді», – деп атап өтті Басқарма.

Дегенмен, компания өндірістік бағдарламаларды сәтті орындады. 1 қыркүйек күні Қаражанбаста 57 миллион тонна мұнай өндірілді. Өндірістік процестерді жетілдіру аясында бу генераторлық паркін жаңартудың 5 жылдық бағдарламасы аяқталды. Ресурстық базаны арттырк үшін кен орнының орталық учаскесін және жағалау аймағын барлау бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде орталық учаскеде орта Юра дәуіріндегі шөгінділерде жаңа шоғыр табылды. ҚР қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы көмірсутек шикізаты қорларын қайта есептеу жөніндегі есепті бекітті.

Мұнайшылар үшін көптен күткен оқиға – №3 Мұнай өндіру цехы ашылды. №1 МӨЦ жұмысшылары үшін операторлық пункт, Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу бригадаларына 7 мобильді кешен пайдалануға берілді. Бірқатар өндірістік объектілер күрделі жөндеуден өтті. Оған қоса, кен орнындағы ірі жобалардың бірі – қабат суын тұшыту зауытының құрылысы жалғасуда.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, ҚБМ жұмысшылар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарап, барлық қызметкерге уақтылы және толық көлемде сыйақы және басқа да ынталандыру төлемдері жүргізілді. Әсіресе, басшылық пен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынас күшейгенін атап өткен жөн. Басқарма өндірістік объектілерге үнемі барып, жұмыс бригадаларымен кездесу өткізеді.

Жастарды оқыту және ынталандыру жұмыстары күшейтілді. Мәселен, жас мамандар Мәскеуде өткен «Нефтяная сова» халықаралық байқауына қатысты. Интеграциядан кейін компания тарихында алғаш рет «Жас маман күні» оқыту жобасы ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам жұмысшы қатысты. Сонымен қатар, Шахмардан Есенов атындағы университет студенттерін кен орнында тәжірибеге бағытталған оқыту жобасы сәтті басталды. Екіжақты меморандум аясында ҚБМ жас мамандары университет студенттеріне дәріс беріп, тәжірибелерімен бөлісіп жүр.

Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту шаралары жалғасын тауып, өткен жылдың соңында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында 2022-2024 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. Оған 57 жаңа пункт енгізілді. 2021 жыл ҚМГ компаниялар тобы бойынша экология жылы деп жарияланды. Бұл бойынша мұнаймен ластанған топырақты өңдеу арқылы тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ көктемгі сенбілік кезінде Маңғыстау облысының бірқатар әлеуметтік нысандары аумағы мен кен орнына 3000 көшет отырғызылды.

«Өткен жылы ҚБМ-ға 35 жыл толды. Бұл уақыт ішінде мұнайшылардың адал еңбегі мен жүргізілген қарқынды жұмыс арқасында «Қаражанбасмұнай» мұнай саласында өзіндік орны бар ұйымға айналды. Біздің күшіміз – бірлікте!», – деді Басқарма өкілдері.

ҚБМ-ның негізгі қағидаттарының бірі - жұмысшылар өмірінің қауіпсіздігі. Осыған орай, өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша жұмысшыларды ынталандыру мақсатында Басқарма бірқатар үлгілі мамандарды марапаттады.

Ұжымның мызғымас ерік-жігері мен ұйымшылдығы және кәсібилігі арқасында 2021 жыл ҚБМ үшін жемісті жыл болды. Интеграция арқасында компания өз орнын нығайтты деп сеніммен айтуға болады. 2022 жылы ҚБМ үшін ең бастысы – құндылықтар мен принциптерді сақтай отырып, тұрақтылықты қамтамасыз ету. Негізгі бағыттар қатарында: тәуліктік өндіруді қалпына келтіру және арттыру, интеграциядан кейінгі корпоративтік мәдениетті жақсарту, су тұшыту зауытын іске қосу, кен орнын одан әрі дамыту, бірқатар инфрақұрылымдық объектілерді іске қосу, өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау, бірқатар бағыт бойынша бағдарламалар мен жол карталарын іске асыру бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: