Главная Новости Қаражанбасмұнай: Бірлескен істе береке бар
22 тамыз 2023, 10:01 844

Қаражанбасмұнай: Бірлескен істе береке бар

Қаражанбасмұнай: Бірлескен істе береке бар

Қаражанбас мұнайшылары кешкі самалмен сенбілік ұйымдастырып, вахталық кентте абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Өндіріс пен спортты қатар алып жүрген жігіттер бір үйдің баласындай ұйымшылдықпен іске кірісіп, футбол алаңына жаңа тыныс сыйлады.

Әр түрлі цехтардан жиналған жұмысшылар алдымен жасыл алаңды артық топырақтан тазартып, бүлінген жерлерді ретке келтірді. Сондай-ақ әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп, ескірген жолақтар қайта сызылды. Жаңарған алаң жарқын турнирлер өткізуге сақадай сай.

«Біз әріптестерімізбен осы алаңда үнемі жұмыстан кейін футбол ойнаймыз, үлкен жарыстарға дайындаламыз. Жеңіске жету үшін бұл жердің тазалығы аса маңызды. Тек футбол алаңы емес, кен орнының мұнтаздай болуы үшін ұйымдастырылатын сенбіліктерде белсенді болуға тырысамыз», - дейді мұнайшылар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: