Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы кен орнына жұмыс сапары барысында цех және бөлім басшыларымен, сондай-ақ цех комитеттері өкілдерімен кездесу өткізді. ҚБМ Басқармасы мұнайшыларды компанияның қазіргі экономикалық жағдайы, әлемдік мұнай нарығындағы тұрақсыздық әсері және дағдарыс кезінде дұрыс әрекет етудің кешенді шаралары туралы айтты.
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Мырза Серіков қаржы-экономикалық қызметі туралы баяндама жасады. Ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылы үш бағыт бойынша мұнай мен битумды сату болжамы шамамен 2,1 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте, 2022 жылға бекітілген таза пайда жоспар бойынша 31 млрд теңгені құрады, алайда бірқатар факторлар 2022 жылғы болжамға таза пайданы 18 млрд теңгеге дейін азайту жағына түзетулер енгізді.
Атап айтсақ, геосаяси тұрақсыздық Urals және Brent маркалы мұнай бағалары арасындағы жеңілдікке әсер етті. Оған қоса, 2022 жыл болжамына экспорттық операцияларға салық салу ерекшеліктері кері әсерін тигізіп отыр. Яғни рента салығы мен ПҚӨС салу Brent маркалы мұнай бағасы бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ҚБМ-ның қарыздарды өтеу бойынша міндеттемелері бар екенін атап өткен жөн. Аталған факторларға байланысты ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында кассалық алшақтық туындауы ғажап емес.

Осыған орай, компания Urals маркалы мұнайдың сорты бойынша салықтарды есептеу үшін KAZENERGY-мен бірлесе отырып, салық кодексіне түзетулер енгізуге бастамашылық жасау және кассалық алшақтықты болдырмау үшін қосымша қарыздар тарту сияқты бірқатар шаралар қабылдауда.
Қаржылық жағдай туралы баяндамадан кейін технологиялық көлік басқармасына алғашқы үш арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Автопаркті жаңартуды жүзеге асыру – аталмыш басқарма үшін көптен күткен оқиға. Атап айтсақ, ТКБ-да қызметкерлерді кен орнында тасымалдауға арналған екі жаңа автобус және заманауи автогидрокөтергіш қызметке кіріседі.
«Біз интеграциядан кейін құрылған екі басқармаға ерекше назар аударып келеміз. Көлікті басқармасында оң өзгерістер басталды. Жаңа техниканы табыстау - бұл бүкіл көлік жүйесін жаңғырту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі. Алда әлі де ауқымды жұмыс күтіп тұр. Жаңа арнайы техника жұмыс өнімділігін арттырып, компания дамуына серпін беретініне сенімдіміз», – деді ҚБМ Басқармасы.

Салтанатты шараға қатысушылар жаңа арнайы техниканы қабылдап, ТКБ-ын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасатынына сенім білдірді. Айта кету керек, автопарк жақын арада тағы бірқатар заманауи арнайы техникамен толықтырылады.
«Мен көп жылдан бері Қаражанбастың көлік саласында жұмыс істеймін және бүгін өте қуаныштымын. Себебі, ескі техника жиі бұзылады, ол жұмысқа кедергі келтіреді. Ал жаңа көлікпен жұмыс жандана түседі. Біздің ұсыныстарымызға жедел жауап бергені үшін басшылыққа рахмет», – деді көлік қызметкерлері.
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін, Қадір түні қарсаңында ауызашар-садақа ұйымдастырылды. Ораза ұстаған мұнайшылар өндірістегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жазатайым оқиғалардан сақтасын деген ниетте дұға оқыды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
107
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы