Главная Новости Қаражанбасмұнай экологтары марапатталды
06 маусым 2022, 18:50 1420

Қаражанбасмұнай экологтары марапатталды

Қаражанбасмұнай экологтары марапатталды

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның экологиялық қызметті дамытуға, экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бірқатар маманы ҚБМ Басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиында басшылық орталық аппараттың және өндірістік басқарманың экологтарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың өндірістік нысандардағы қоршаған ортаның жағдайын жақсартудағы және осы бағыттағы тәуекелдерді азайту жолында сіңірген еңбегін атап өтіп, марапат табыс етті.

«Қоршаған ортаның жай-күйін сақтау және жақсарту, оны қорғау саласында тиімді басқару жүйесін құру – біздің компания саясатының басым бағыттарының бірі. Сіздің жүйелі жұмыстарыңыздың арқасында ҚБМ-да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда», – деді Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Оңғар Қабылов.

Сонымен қатар, кәсіпорындар мен халықаралық ұйым экологтарының қатысуымен өткен «Тұрақты даму үшін жауапты бизнес» республикалық конференциясы аясында ҚБМ қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Еркебұлан Оспанов Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: