Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Маңғыстауда Қазақстандағы геология ғылымын дамытып, дарынды оқушыларды даралайтын «Жас геолог» байқауы өтті. «Қаражанбасмұнай» АҚ геологтары дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын сайысқа қолдау көрсетіп, өлкетану бағытында зерттеумен айналысып жүрген жасөспірімдерге 11 шатыр сыйға тартты.
Шатырлар оқушылардың экспедицияға шығып, зерттеу жүргізуі үшін қажет.
«Геология мамандығына кіретін он аталым бойынша өтетін жарыста 11 команда бақ сынап, арасынан үздік деп танылғанын республикалық, халықаралық жарыстарға жібереміз. Сайыс көктем мезгілінде, табиғат аясында өтетіндіктен көптеген құрал-жабдықтар қажет етіледі. Бізге қолдау көрсетіп, жасөспірімдерге осындай ақшатыр сыйлап жатқан «Қаражанбасмұнай» АҚ геологтарына көп рақмет», – деп алғысын білдірді облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының қызметкері Орынбасар Тоқжанов.
Компания геологтары шатырлардан бөлек, жас ғалымдардың зерттеуіне қажетті кеңсе тауарларын да табыстады. Мектеп кезінен осы салаға қызығушылық танытқан шәкірттер алдағы уақытта өмірлік бағытын осы арнаға бұрып, өңірге қажетті мамандар қатарын толықтыратынына сенімді.
«Өзіміз геолог болғандықтан зерттеу жұмыстарының қалай жүретінін білеміз. Сондықтан жас зерттеушілерді қолдайық деп шештік. Біздің мақсатымыз - туған жерді сүйіп, оның жер асты байлығына құрметпен қарауға шақыру. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз», – деді «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас геологы Ержан Қадыров.
Қоғам геологтары өз жолын жалғайтын жастарға құрметпен қарайды. Сондықтан алдағы уақытта да ізбасарларына қолдау көрсетуге дайын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
170
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете