Главная Новости Қаражанбасмұнай: Жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді
03 сентября 2025, 13:44 438

Қаражанбасмұнай: Жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді

Қаражанбасмұнай: Жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді


ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Қаражанбас жұмысшылары жөндеу жасалған бөлмелерге қайта қоныстанды. Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасын орындау аясында вахталық кенттегі бірінші жатақхананың 5-подъезіне толықтай күрделі жөндеу жүргізілді.

Бес қабат, 8 подъезден тұратын ғимарат кәдімгі тұрғын үй тәріздес. Әр пәтерде  жатын, ас және жуыну бөлмесі бар. Қаражанбастықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін жөндеу кезең-кезеңімен жасалып келеді. Бұл жолы 5-подъездегі 117 адам тұратын 20 пәтер мен дәліз қабырғалары қайта сыланып, едені жаңартылды. Есік-терезесі ауыстырылып, қажетті жиһаздар, тұрмыстық техникамен жабдықталды.
 
Кәсіби мереке қарсаңында жөндеуден өткен бөлмелерге орналасу мұнайшыларға ерекше қуаныш сыйлады. Бұл жұмысшылардың қызметке құлшынысын арттыра түседі. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту – компаниядағы басым бағыттардың бірі. Сондықтан жол картасы аясындағы жұмыс әлі де жалғасын табады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: