Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да ISO 9001, 14001, 45001 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджменттің интеграцияланған жүйесі сәтті енгізілді. Бүгін сапа және тәуекелдерді басқару қызметінің мамандары ҚБМ Басқармасына ҚР Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінің сертификаттарын табыс етті.
Стратегиялық маңызды қадам компанияға сапа, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласын дамыту бойынша жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Сертификаттау басқару жүйелерін интеграциялау процесін дамытудың корпоративтік стратегиясы бойынша басталып, олар заңнама талаптары мен халықаралық тәжірибелерге сәйкес келетіндігін дәлелдеді.
МИЖ-ін енгізуге және тиісті құжаттарды алуға ҚБМ аса жауапкершілікпен қарады. Бұл салмақты шешім және тұрақты дамуға арналған кешенді жұмыс, деп атап өтті басшылық. Айта кетейік, тәуекел-менеджментінен бөлек, ішкі аудит бойынша 23 қызметкер оқытылып, олардың арасынан арнайы ішкі аудит тобы іріктелді.
Ауқымды жұмыс нәтижесінде 2022 жылдың 21-25 қараша аралығында құрылымдық бөлімшелерде және Қаражанбас кен орнында сертификаттау органының өкілдері критерийлерді бағалау, қызметкерлермен әңгімелесу, құжаттаманы талдау, жұмыс орындарындағы процестер мен операцияларды тікелей бақылау арқылы сыртқы аудит жүргізді.
Интеграцияланған жүйе компанияның барлық материалдық және физикалық тәуекелдері бір ортаға шоғырланғанын білдіреді. Ол біртұтас тәсіл мен әдістің арқасында өндірістегі қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, процестердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету есебінен шығындардың туындау қаупінің деңгейін төмендету, аудит сапасының деңгейін арттыру, ЕҚ, ДҚ және ҚОҚ процестерін басқару деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
103
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы