Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбаста І вахта жұмысшылары арасында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыстар ең алдымен мұнайшылардың ұжымдық рухын нығайтып, жеңіске жетуге ерекше жігер берді. Жүзден астам қатысушы арқан тарту, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату және үстел теннисінен тартысты ойын көрсетіп, қатарынан оза шапқандар есімі белгілі болды.
Қол күрестен 80 келіге дейін өнер көрсеткен №2 Ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу цехының (ҰЖКЖЦ) бұрғышы көмекшісі Жұмат Сағындықов пен 80+ келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған бу өндіру цехының химиялық су тазарту аппаратшысы Мұса Сүлейменов І орын иеленді. Тоғызқұмалақ жарысында БӨЦ машинисі Бекберген Ақниязов үздік атанса, өндірісті автоматтандыру цехы командасы арқан тартудан алдына жан салмады.

Тартысты бәсекенің бірі ұлттық ойын – асық ату сайысы болды. Мұнда №1 мұнай өндіру цехы командасы қырағылық танытып, жеңіске жетті. Ал ой ұшқырлығы сыналатын шахмат жарысында ҰЖКЖЦ аға шебері Көшербай Ізбасаров І орын иеленді. Іріктеу жарыстары үстел теннисі сайысымен қорытындыланды. Бұл жарыста технологиялық көлік департаменті жұмысшысы Айтмохаммад Қазақ шашасына шаң жұқтырмай жеңіске жетті.
Айта кетейік, қос вахтаның жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздары ҚМГ спартакиадасының келесі кезеңінде өңірдегі өзге мұнай компанияларының жұмысшыларымен сайысқа түседі.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы