Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шетпе ауылының көпбалалы мұқтаж отбасы жаңа үйге көшті. Қайырымдылық шарасы «Бірлік» «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелерінің қолдауымен жүзеге асырылды. Мұнайшылар бес балалы жалғыз басты анаға жаңа баспананың кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Гүлнар Тәжібаеваның тұңғышы 13, ал ең кіші перзенті 3 жаста. Олар бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерлерді паналап келген. Балалардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін келіншек көше тазалаушы болып жұмыс істейді. Гүлнар қыс жақындап, аязды мезгілді қалай өткізетініне алаңдап жүр еді. Енді ол жанашыр жандар сыйлаған жаңа үйге көшіп, қиындықтың бәрі артта қалғанына сене алар емес.
«Кең үйде тұру біз үшін қолжетпес арман көрінетін. Қаражанбас мұнайшыларына, оның ішінде кәсіподақ ұйымына қиын кезеңдегі орасан зор көмегі үшін алғыс айтамын. Енді менің балаларым жылы үйде, жайлы өмір сүреді. Мен олардың болашағы үшін еңбек ете берем», – деді Гүлнар Тәжібаева.

Жомарт жұмысшылар сыйлаған бес бөлмелі баспана жарық, жылы әрі кең. Үй қажетті инфрақұрылым және техникамен толық қамтамасыз етілген. Аулада төрт түлік ұстайтын қора, тұрмысқа қажетті сарай да салынған. Ең бастысы кең аулада Гүлнардың ұл-қыздары алаңсыз асыр салып ойнай алады.
«Мұқтаж жанға көмек беріп, үлкен іс бастау көптен жоспарда жүрген еді. Бүгін сол ойымыз іске асып, бір отбасын бақытқа бөлеп отырмыз. Кәсіподақ мүшелері, мейірімді мұнайшылар бастаманы қолдап, барлығы сәтті жүзеге асты. Игі іске ұйытқы болу біз үшін де зор қуаныш әрі мәртебе»,- деді «Бірлік» кәсіподағының төрағасы Қуаныш Сисенбаев.

Кәсіподақтың жанашыр мүшелері Гүлнарға үй сыйлап қана қоймай қажетті жабдықтар мен азық-түлік табыстады. Батыл және еңбекқор ананың қуанышында шек жоқ. Енді ол берекелі шаңырақта мерекелі күн кешетініне сенімді.
116
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
172
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
156
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету