Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру мен күз- қыс мезгіліне дайындық аясында Қаражанбас кен орнында кезектен тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.
Барлық нысандарда жүргізілген тексеру жұмыстарына өрт сөндіру кезінде алғашқы көмек көрсету құралдары пайдаланылды. Оқу-жаттығу барысында кен орнында үздіксіз жұмысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету, электр энергиясымен жабдықтау, құтқару жұмысының күшін жедел басқаруға дайындық және төтенше жағдайлар кезінде басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу қорының саны мен сапасы тексерілді.

Сонымен қатар, елімізде өрт жағдайының жиілеуіне байланысты Қаражанбасмұнайгазда оның алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Кен орнындағы барлық цехтар мен орталық кеңседе өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулық өткізілді.
«Аталған жұмыстарға қоса, әкімшілік және өндірістік объектілердің аумағын тексеру, 80-нен астам өндірістік учаскелерде, тұрмыстық және кеңсе үй-жайларында электр сымдарын оқшаулау кедергісіне тексеру және сынақ жүргізілді», – деді қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің аға инженері Марат Ақжанов.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Қаражанбас кен орнындағы объектілер мен әкімшілік кеңселер өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай екені расталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
101
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
105
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы