Главная Новости Қаражанбасмұнай өз кен орнында интеллектуалды теңгергіш тербелмелі қондырғыны орнатты
09 февраля 2026, 14:26 48

Қаражанбасмұнай өз кен орнында интеллектуалды теңгергіш тербелмелі қондырғыны орнатты

Қаражанбасмұнай өз кен орнында интеллектуалды теңгергіш тербелмелі қондырғыны орнатты

Операциялық тиімділікті арттыру: Қаражанбасмұнай өз кен орнында интеллектуалды теңгергіш тербелмелі қондырғыны орнатты

Технологиялық жабдық төмен және жоғары бағытқа тең дәрежеде қозғалу тәртібімен жұмыс істейді. Бұл принцип электр энергиясын едәуір үнемдеп, ұңғымаға түсетін жүктемені оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, дәстүрлі тербелмелі қондырғылар қуаты 22 кВт электр қозғалтқыш арқылы жұмыс істесе, жаңа қондырғы үшін қуаты 7,5 кВт қозғалтқыш жеткілікті.

Сонымен қатар ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу кезінде кедергі келтірмеу үшін қондырғыны ұңғыманың сағасынан 3 метрге дейін жылжытуға болады. Автоматтандырылған жүйе арқылы қашықтан басқару, диагностика жүргізу және ақаулардың алдын алу мүмкіндігі қарастырылған. Жаңа тербелмелі қондырғыға жасалатын өндірістік-тәжірибелік сынақтар 6 айға жалғасады.

Айта кетсек, Қаражанбас кен орны мұнайының тұтқырлығы жоғары әрі шайырлы, құрамында күкіртті қосылыстардың көп болуымен ерекшеленеді. Өндіріске заманауи техника мен технологияларды енгізу — кен орнын ұзақ әрі тұрақты игеру жолындағы маңызды қадам.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: