Главная Новости Қаражанбасмұнай шебері: «Жоспарды орындауда еш кедергі жоқ»
02 тамыз 2022, 08:34 1345

Қаражанбасмұнай шебері: «Жоспарды орындауда еш кедергі жоқ»

Қаражанбасмұнай шебері: «Жоспарды орындауда еш кедергі жоқ»

Қаражанбас мұнайшылары аға буынның игі істерін абыроймен жалғап, нәтижелі еңбегін еселеуді басты мақсат тұтады. Олар жас буынға баға жетпес тәжірибесін мұра етіп қалдырды. Солардың бірі – газ цехының жұмысына 32 жылын арнаған шебер Қуанышқали Нұрғожа.

Газ цехы – Қаражанбастың өндірістік өміріндегі маңызды бөлімше. ГЦ-ның орталықтандырылған жүйесі кен орнындағы газды пайдалану және техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді. Мұнда білімін үздіксіз жетілдіруге және жаңа технологияларды игеруге дайын нағыз кәсіби жұмысшылар еңбек етеді.

Қуанышқали Нұрғожа әскерден оралған соң кен орнына слесарь болып жұмысқа орналасты. Жастайынан осы іске өзінің бар күш-қуаты мен уақытын арнап, жылдар өте келе, нағыз тәжірибелі маманға айналды. Қазір газ цехының шебері жұмыс бригадаларымен бірге газ өндіру мен тасымалдау процесін бақылайды.

«30 жыл бұрын біз кен орнын абаттандыру және өндіру көлемін арттыруды жауапты міндет етіп алдық. Әрине, бұл оңайға түскен жоқ. Біз тіпті компания жалақы төлей алмайтын уақытты да еңсердік. Соған қарамастан өндірісті тоқтатқан жоқпыз. Соңғы жылдары Қаражанбастың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Барлығы автоматтандырылған. Нон-стоп режимінде жұмыс істеп, жоспарды орындауға ешқандай кедергі жоқ», – деп атап өтті Қуанышқали Нұрғожа.

Тәжірибелі шебер, тағылымды тәлімгер өз цехында баға жетпес білім ғана емес, өмірлік кеңес те беріп, үздік мамандарды тәрбиелеуге зор үлес қосып жүр. Өмірінің жартысын өндіріс алаңдарында өткізген мұнайшы үшін Қаражанбас өз туған үйіндей ыстық.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: