Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы технологиялық көлік басқармасының және «Мобил Сервис Групп» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында ағымдағы жұмыс мәселелері талқыланып, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.
ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев компаниядағы көлік қызметінің маңыздылығын атап өтіп, жүргізушілерге апатсыз және үздіксіз жұмысты қамтамасыз еткені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ 30-ға жуық автокөлік жүргізушісіне ҚБМ Басқармасы атынан қажырлы және жемісті еңбегі үшін алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.
«Сіздер күн сайын кен орнына және қала ішінде жұмысшыларды тасымалдап, жауапты қызмет атқарасыз. Біз көлік жүргізу кезінде барлық ережені сақтап, өзгелерге үлгі болатын сіздер сияқты мамандарға зор сенім артамыз. Елдегі соңғы оқиғалар кезінде де сіздер жұдырықтай жұмылып, мұнайшыларды вахтаға дер кезінде тасымалдадыңыздар. Ұжым мен өз ісіңізге деген адалдығыңыз үшін алғыс білдіреміз, әр сапарыңыз сәтті болсын», – деп атап өтті ҚБМ басшылығы.

Орталық кеңсе мен кен орнында 1 300-ге жуық жүргізуші (2 вахта бойынша) жұмыс істейді. Олардың 90-ға жуығы вахта жұмысшыларын қала мен ауылдық жерлерден кен орнына тасымалдайды. Жүргізушілердің әрқайсысы адами қасиеттерді бойға сіңірген кәсіби мамандар. Сондықтан мұндай қызметкерлерге жұмысшылардың қауіпсіздігін сеніп тапсыруға болады.
«Кәсібилік жұмыс кезінде туындаған қиын сәттерде сыналады. Расында мұндай сәтте әрекет ету қауіпті және қорқынышты. Дегенмен істің басы-қасынан табылып, бізге қолдау көрсеткен ҚБМ басшылығының арқасында біз мұнайшыларды діттеген жерімізге аман-есен жеткізе алдық. Еңбегіміздің бағаланғанына өте қуаныштымыз», – дейді жүргізушілер.
ТКБ қызметкерлері үлкен ұжымның маңызды бөлігі. Олар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, кәсіби шеберліктері мен бірлік арқасында өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқара білді.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона