Главная Новости Қаражанбасмұнайда еңбек жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді
14 шілде 2022, 08:22 968

Қаражанбасмұнайда еңбек жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді

Қаражанбасмұнайда еңбек жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді

«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кен орнына жұмыс сапары кезінде тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс барысын тексерді, сондай-ақ бірқатар өндірістік объектілерде болды.

2021 жылдан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасындағы меморандум аясында ҚБМ мұнаймен ластанған топырақты қайта өңдеу арқылы жерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір кен орнында үш жер үсті, бір теңіз қоймасы және басқа да мұнаймен ластанған учаскелер қалды. Аумақты қалпына келтірумен мердігер мекеме айналысып жатыр. Олар басшылыққа атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Айтуынша, «теңіз қоймасы» нысанында 3000 тонна мұнаймен ластанған топырақ қалпына келтіріліп, сынамалар зертханаға жіберілген. Сонымен қатар, мұнаймен ластанған учаскелер аумағында 16 159, 66 тонна топырақ тазартылды.

Жұмыс жағдайымен танысқан, ҚБМ Басқармасы мердігер мекеме өкілдеріне кестеден кешіккені үшін ескерту жасады. Сондықтан жұмысты дереу жандандыру және қосымша ресурстарды пайдалану қатаң тапсырылды. Айта кету керек, Қаражанбаста 2011-2014 жылдар аралығында биологиялық ремедиация әдісімен 101,1 гектар тарихи мұнаймен ластанған жерлер жойылды. ҚБМ осындай барлық учаскелерді 2024 жылдың соңына дейін толық тазартуды жоспарлап отыр.

Бұдан соң бірқатар өндірістік цехтардағы жөндеу жұмыстарының орындалу барысы тексерілді. Пайдалану жабдықтарын икемдеп-жөндеу цехында (ПЖИЖЦ) жеке бокстар (дәнекерлеу және токарлық) жасау үшін ішкі ғимаратты бөлу бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында цех аумағындағы санитарлық бөлмені (киім ауыстыру бөлмесі) кеңейту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіру қызметі базасында автосатысы бар көлік үшін бокс пайдалануға берілді. Өрт қауіпсіздігі және заманауи техникалық талаптарға сай келетін нысан вахталық кент аумағында ашылды.

Оған қоса мұнайшылардың еңбек жағдайын жақсарту аясында №3 бақылау-өткізу пунктінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігерлер ҚБМ басшылығын барлық жұмыстар сапалы және уақытылы орындалатынына сендірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: