Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ -да алғаш рет жас мамандарды қолдау мен дамытуға бағытталған «Жас маман күні» жобасы басталды. Қай компанияның болмасын өркендеуі мен болашағы – қозғаушы күш – жастарға байланысты. Сондықтан ҚБМ жас мамандардың кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Жобаның бірінші күні ҚБМ басшылығы мұнайшыларды шараның басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
«Қаражанбаста көптеген талантты және жан-жақты жастар еңбек етеді. Сәйкесінше компанияда әрбір маманның кәсіби өсуі, оқуы және дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл біздің интеграциядан кейінгі алғашқы ауқымды кездесуіміз. Жас мамандардың өндірістік, ғылыми немесе қоғамдық бастамасы Басшылық тарапынан үнемі қолдауға ие», – деді ҚБМ басшылығы.

Жоба үш кезеңнен тұрады – бұл ойындар, тренингтер және салтанатты шара. Ұжымдық рухты көтеріп, белсенділікті арттыру мақсатында пейнтбол ойыны ұйымдастырылды. Мұнайшылар жұмыс формасын жауынгерлік киімге ауыстырып, 8 командаға бөлініп, жарысқа кірісті. Аталмыш ойын ептілік пен шеберліктен бөлек, командалық рухты және топ болып шұғыл шешім қабылдау қабілетін дамытады.
«ҚБМ жұмысшылардың кәсіби білімін жетілдіруге үнемі жағдай жасайды. Мен осындай компанияның мүшесі болғаныма қуаныштымын. Біз бұл жобаны асыға күттік. Алған білімімізді өндірісте тиімді пайдалануға тырысамыз», – деді ПБжЕАТД кадр жөніндегі маманы Ильяс Бекмолдинов.

Ойын тартысты да қызықты өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға диплом және кәдесыйлар табысталды. Пейнтбол жарысы одан әрі қызықты тимбилдингке ұласты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!