Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін, яғни 1 шілдеде «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек тарихының жаңа кезеңіне аяқ басты. Акционерлер арасындағы пакеттік мәміле бойынша Қаражанбас компаниялар тобының персоналын интеграциялау ресми түрде жүзеге асты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бүгіннен бастап «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС, «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС біртұтас «Қаражанбасмұнай» АҚ болып біріктірілді.
ҚБМ интеграцияға асқан жауапкершілікпен қарады. Атап айтсақ, барлық қызметкер жұмыс орнын, жалақы деңгейін, еңбек шартының мерзімін, демалыс кестесін сақтап қалды. ҚБМ Директорлар кеңесі жаңа ұйымдық құрылымды бекітті. Екі жаңа қосымша басқарма құрылды, олар: технологиялық көлік басқармасы және бұрғылау, ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасы.
«Бүгін Қаражанбастың барлық қызметкері үшін тарихи маңызды күн. Біз өсу мен даму жолында салмақты қадам жасадық. Осындай өндірістік көрсеткіш мен ұйымшылдық арқасында болашақта ірі холдингке айнала аламыз. Сервистік мекемелерді бір компанияға біріктіру жұмысты оңтайландырады, өндірістік міндеттерді орындау тиімділігін арттырады, компаниялар арасындағы шарттық қатынастарды жояды. Біз бірыңғай жүйе бойынша біртұтас ұжымды дамытып, жаңа белестерге ұмтыламыз», – деді «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқарма мүшелері.
Қаражанбастықтар олардың күші – бірлікте екеніне және бір шаңырақ астына бірігу - дамуға жаңа серпін беретініне, қызмет көрсету саласынан мұнай өндіруге көшуге ықпал ететініне, шығындарды азайтып, персоналды дамытудың бірыңғай жүйесін іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімді. ҚБМ қызметкерлері үлкен жетістікке жете отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға дайын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы