Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес ҚБМ басшылығы Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына Қаражанов Ренат Жексенбайұлын тағайындады. Ол бұған дейін ҚБМ әкімшілік-шаруашылық жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ол 1988 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-ін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Мұнай-газ ісі» бағыты бойынша техника және технологиялар магистрі дәрежесіне ие. Еңбек жолын 2011 жылы университетте оқытушы/аға оқытушы болып бастаған. Әр жылдары әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық жұмыс департаментінің директоры, ӨБ директорының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына Бримжаров Емқанат Бауыржанұлы тағайындалды.

Ол 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар», Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы ҚБМ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі маман болып бастаған. Ірі мұнай-газ компанияларында жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары «Ақтау Нефте Сервис» ЖШС коммерция жөніндегі басқарушы директоры, «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» шарттық жұмыс және сатып алу бөлімінің басшысы, «PSA» ЖШС сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту әдіснамасы департаменті директорының орынбасары, «PETROLEUM HOLDING» ЖШС Бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, ҚБМ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы болып Елеусінов Махамбет Қайырбекұлы тағайындалды.

Ол 1986 жылы 24 сәуірде дүниеге келген. И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Мишкольц университетінің мұнай-газ магистрі дәрежесіне ие. Еңбек жолын 2007 жылы «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ мұнай өндіру операторы болып бастаған. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ Стратегия және орнықты даму департаментінің талдаушысы, «Орал Ойл энд Газ» ЖШС өндіру жөніндегі инженері, ҚБМ өндірістік бөлімінің аға/жетекші инженері, бұрғылауды бақылау және ҰЖКЖ қызметінің басшысы, ӨБ директоры, ҚБМ өндірістік-техникалық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
219
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи