Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Технологиялық көлік басқармасының автопаркі жаңа арнайы техникамен толықты. Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кен орнына жұмыс сапары аясында көлік қызметкерлеріне әрқайсысының көлемі 10 текше метр болатын үш жаңа автоцистернаның кілтін табыс етті. Олар техникалық суды тасымалдауға арналған.
Айта кету керек, бұл интеграциядан кейін пайдалануға берілген 13-ші арнайы көлік. Бұған дейін жұмысшылар жаңа автобустар, автогидрокөтергіш, автокран, МБГҚ және т.б. қабылдады. Еңбек ұжымы автопаркті жаңарту барлық өндірістік процесс үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жаңа техниканы зор қуанышпен қабылдады.
«Бізге жаңа арнайы көлік құралдары өте қажет. Жаңарту жұмыстарының іс жүзінде жүріп, біздің басқармаға ерекше көңіл бөлініп жатқанын көріп-біліп отырмыз», – деп атап өтті жұмысшылар.

Әрі қарай басшылық автобус жүргізушілерімен кездесті. Ашық диалог барысында олар қосалқы бөлшектерді жеткізу және гараж орындарының болуына қатысты бірқатар мәселелерді айтты. Өз кезегінде Қуанышбай Нұрғалиев барлық мәселелер жоспарға сәйкес уақтылы шешілетінін және ТКБ жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстар ерекше бақылауда екенін жеткізді.
Жұмыс сапары компаниядағы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша басшылықтың еңбек ұжымымен есеп беру кездесуімен жалғасты. Онда ҚБМ-ның бірқатар басқармалары мен департаменттерінің басшылары баяндама жасады. Алайда, өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау мәселесі басты назарда болды. Еңбек қауіпсіздігі, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Наурызбек Дүйсекенов жарақаттану және алдын алу шаралары бойынша есеп берді.

Ал көлік басқармасының басшысы Нұрлан Дүйсебеков өз бағыты бойынша интеграциядан кейінгі оң өзгерістерге тоқталды. Жыл басынан бері автопаркті жаңартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламасы аясында қосалқы бөлшектерді жеткізу процесін жүйелеу, бокстарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, гараждардың аумағын абаттандыру және т. б. жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Кездесуді қорытындылай келе, ҚБМ Басқармасы жұмысшыларға өндірістік көрсеткіштерді арттыру жолындағы бірлескен, жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді және ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қарқынды қызмет етуге шақырды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
268
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи