Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ компанияның әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген бірқатар қызметкерді марапаттады. Кәсіподақ төрағасы Айтбай Кужухов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына мұнайшылардың қосқан зор үлесін, олардың әлеуметтік серіктестік пен ұжымдық шарттағы қатынастарды нығайтуға атсалысып, өндірістегі ұрпақтар сабақтастығы мен қызметтегі абыройды үнемі сақтау қажеттігін атап өтті.
«Кәсіподақтың негізгі мақсаты – жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Сондықтан біз сіздерді жетістікке жетелеу және шабыттандыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Пандемия және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар кезінде кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасап, қолдау көрсеткені үшін жұмыс берушілерге алғыс білдіргім келеді», – деді Айтбай Кужухов.

Кәсіподақ марапатына ие болғандардың бірі – Ғабит Сәдуақасов. Орталық инженерлік-технологиялық қызметінің басшысы іскерлігімен, күш-жігерімен және тәжірибесімен жас ұрпаққа үлгі. Қызметтегі белсенділігі мен кәсіподақ дамуына қосқан үлесі үшін оған Қазақстанның мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының медалі табысталды.
«Біз бір салада ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеміз. Компания кәсіподағы әрдайым тұрақтылықтың кепілі саналады. Кәсіподақ жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы көпір», – деп атап өтті Ғабит Сәдуақасов.

Кәсіподақ күні мерекесіне орай өндірістік басқарма мен орталық кеңсенің 100-ге жуық қызметкері алғыс хаттар мен медальдарға ие болды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
305
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи