Главная Новости Қаражанбасмұнайлықтар 200-ден астам көшет отырғызды. Фото
25 сәуір 2022, 08:10 1315

Қаражанбасмұнайлықтар 200-ден астам көшет отырғызды. Фото

Қаражанбасмұнайлықтар 200-ден астам көшет отырғызды. Фото

«Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде игі дәстүрге айналған өңір аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін ҚБМ Бас директоры Ли Тецян және бірінші орынбасар Қуанышбай Нұрғалиев бастаған барлық департамент басшылары мен орталық кеңсе қызметкерлері ауқымды сенбілікке шықты.

Қала әкімдігі қаражанбастықтардың бастамасын қолдап, екі аумақ бөліп берді. Бұл 12 шағын аудандағы Тобанияз ескерткіші жанындағы саябақ, және Тарас Шевченко ескерткіші маңы. Мұнайшылар білегін сыбанып, қолына күрек алып, аумақты қоқыс пен арамшөптерден тазартып, кейін көшеттер отырғыза бастады. Қаражанбастықтар айлант, үйеңкі, шаған сияқты 200-ден астам жапырақты ағаштар тобына жататын көшеттер отырғызды. Осылайша, қаланың ең көрнекті жерлері көркіне көрік қоса түсті.

«Әдетте, біз тек ағаш отырғызып қана қоймай, үнемі күтім жасап, суару жауапкершілігін де өз мойнымызға аламыз. Мысалы, өткен жылы кен орны мен облыстың бірқатар әлеуметтік нысандары аумағына отырғызылған 3 мың көшет сәтті тамыр алып, гүлдеді. Сондықтан сенбілік – бұл қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының аз ғана бөлігі», – деп атап өтті ҚБМ жұмысшылары.

Мұнайшылардың жыл сайынғы іс-шаралары нәтижесінде облыс орталығының көптеген нысандары жасыл желекке орана түсті. Болашақта осындай игі дәстүрді жалғастыру жоспарланып отыр. Қаражанбастықтар бүгінгі шара бүкіл Маңғыстау бойынша осындай экоакцияларға ұласады деп үміттенеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: