Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында мұнайшылар көктемнің жарқын мерекесі – Әз-Наурызды қуанышпен қарсы алды. Бұл жолы олар Ұлыстың Ұлы күнін ауқымды атап өтті. Дәстүр бойынша әуезді әндер шырқалып, күй күмбірлеп, ұлттық тағамдар ұсынылды.
Вахталық кенттегі думанды той қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен жарасым тапты. Компания басшылығы еңбек ұжымын ғасырлық тарихты бойына сіңірген көктем мерекесімен құттықтады.
«Амал мен Наурыз – біз әрқашан ерекше қуанышпен қарсы алатын маңызды мерекелер. Табиғаттың қайта оянған шағында олар рухани құндылықтарды нығайтады, молшылық әкеледі. Бір шаңырақ астындағы компаниямыз әрқашан биік белестерден көрініп, өркендей берсін! Мереке құтты болсын», – деп атап өтті басшылық.

Мерекеде кен орнына арнайы ат басын бұрған «Қазақконцерт» ұжымының мерекелік кеші іс-шараның «інжу-маржанына» айналды. Мұнайшылар эстрада жұлдыздарының ең үздік әндерімен сусындап, көңілді күйге бөленді. Концертпен қатар вахталық кент аумағында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Жұмысшылар арқан тарту, қой көтеру, қазақша күрес және ләңгі тебуден сынға түсті.

Осылайша еңбек ұжымы жұмыс ауысымынан соң мерекені жоғары деңгейде атап өтті. Ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерде ұсынылған наурыз көже мен бауырсақтың бал дәмі мұнайшыларды тамсандырмай қоймады. Ұлыстың Ұлы күні қаражанбастықтар бір-біріне шын жүректен амандық, молшылық пен жақсылық тілеп тарқасты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
91
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби