Главная Новости Қаражанбаста 58 миллионыншы тонна мұнай өндірілді
21 ақпан 2022, 12:05 1498

Қаражанбаста 58 миллионыншы тонна мұнай өндірілді

Қаражанбаста 58 миллионыншы тонна мұнай өндірілді

19 ақпан күні Қаражанбас кен орнында 58 миллионыншы тонна мұнай өндірілді. Мұнайшылар кезекті миллионыншы көрсеткішке 168 тәулікте жетті.

Аталмыш маңызды оқиға геологиялық-техникалық іс-шаралар бағдарламасын табысты жүзеге асыру мен мұнай өндіруді арттырудың жаңа технологияларын енгізу және ұжымның қажырлы еңбегінің нәтижесі. Соның арқасында соңғы 20 жыл ішінде жыл сайынғы мұнай өндіру көлемі екі миллион тоннадан асады.

«Жақында ғана, яғни 2020 жылы қыркүйек айының басында Қаражанбасата 55 миллион тонна мұнай өндірілген еді. Ал енді 58 миллионыншы тоннаға қол жеткіздік. Ұжым командамен жұмыс істеу шеберлігін тағы да дәлелдеді және кездескен кедергілерге қарамастан мақсаттарға сәтті қол жеткізді. Өндірілген 58 миллион тонна мұнайдың артында мыңдаған адамның еңбегі жатыр», – деді игеру бөлімінің басшысы Владимир Турков.

Болашақта мұнай өндіру коэффициентін арттыру үшін стационарлық емес және полимерлі су басуды қолдану тиімділігі зерттеледі. Осындай технологияларды қолданудағы әлемдік тәжірибедегі зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сынақ жұмыстары белгіленеді. Бұл кен орны болашағының зор екенінің айқын дәлелі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: