Главная Новости Қаражанбаста «Ғажайып алаң» зияткерлік сайысы қайта жанданды
24 наурыз 2023, 16:30 1457

Қаражанбаста «Ғажайып алаң» зияткерлік сайысы қайта жанданды

Қаражанбаста «Ғажайып алаң» зияткерлік сайысы қайта жанданды

Ұлыстың ұлы күніне орай ІІ вахта жұмысшыларының білімі мен ой жүйріктігін сарапқа салған дода қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттауға бағытталды.

Ойын ережесі бойынша әртүрлі цехтардың үмітін арқалаған 9 қатысушы үшке бөлініп, іріктеу кезеңінде бақ сынады. Олардың әрқайсысы жасырылған сөзді қарсыластарынан бұрын тауып, көп ұпай жинауға тырысты. Үштіктен үздік шыққандар ақтық кезеңге жолдама алды.

«Біз «Ғажайып алаңда» миға шабуыл жасап, білімімізді жетілдіреміз. Бұл жолы мерекеге орай қазақтың ескі салт-дәстүрлерін еске түсіріп, құпия сөздердің мағынасын ашуға тырыстық. Жұмыстан тыс уақытымызды осындай сайыстарға арнап, тиімді өткізгенімізге қуаныштымыз», – дейді мұнайшылар.

Тартысты бәсекеден көрермендер де құр алақан қайтқан жоқ. Сайыс барысында залға жиналған мұнайшылар арасында лотерея ұйымдастырылды. Ал негізгі жарыс қорытындысына сәйкес, №1 мұнай өндіру цехының операторы Марат Бекешов супер финалда жеңіске жетті. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтары тарту етілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: