Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында №1 мұнай өндіру цехының жаңа операторлық пункті пайдалануға берілді. Аталмыш нысан өндірістік процесті оңтайландырып, еңбек жағдайлары мен жұмыс сапасын арттыру, сондай-ақ бақылау және басқару жүйесінің тұрақтылығын одан әрі сақтау мақсатында салынған. Салтанатты ашылу рәсіміне «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы, ардагерлер мен жұмысшылар қатысты.
«Біз жаңа операторлық пункттің ашылуын асыға күттік. Себебі, бұрынғы пунктімізге 30 жыл болған, әбден ескіріп қалды. Жаңа ғимарат өте ыңғайлы. Мұнда жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. ҚБМ басшылығы жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға назар аударып, барлық қажетті жобаларды жүзеге асырып жатыр», – деді мұнайшылар.
№1 МӨЦ қуаты жағынан озық, бір мезетте 1131 ұңғыманы бақылау және қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Тәуліктік мұнай өндіру көлемі – 2 400 тоннаны құрайды. Цехте 7 жұмысшы топ еңбек етеді. Бүгінде аталған учаскеде бұрғылау, жаңа учаскелерді барлау, жаңа ұңғымаларды пайдалануға беру бойынша күрделі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондықтан автоматтандырылған жаңа операторлық пунктке, барлық процеске жаңа серпін беретін торап ретінде үлкен үміт артылып отыр.
«Мен бұл цехта сексенінші жылдардан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Үлкен және заманауи операторлық пункттің ашылуы - көптен күткен оқиға. Жұмысшылар тобына бұрынғы операторлық пунктте жұмыс істеу оңай болған жоқ. Адам да, жұмыс та көп еді. Енді барлығы жедел және автоматтандырылған жүйеге ауысты. Қаражанбас өсіп, жаңа нысандардың көптеп ашыла берсін», – деді №1 МӨЦ басшысының орынбасары Меңдіхан Мырзабеков.
Кең әрі заманауи пунктті – жұмыс реттеліп, ұңғымалардан мәліметтер алынып, алынған мәліметтерді талдап, кездесулер және т.б. өткізетін шағын цех десек те артық болмас. Сондықтан мұнайшылар игілігі үшін ашылған жаңа нысанда барлық бағыт бойынша үздіксіз жұмысты қамтамасыз етілетініне сенім мол.
293
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
163
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды