Главная Новости Қаражанбаста жедел штаб құрылды
09 желтоқсан 2022, 08:40 1236

Қаражанбаста жедел штаб құрылды

Қаражанбаста жедел штаб құрылды

Қаражанбастағы өндірістік объектілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және қыс мезгілінде апаттық жағдайларға жол бермеу мақсатында бірыңғай жедел штаб құрылды. «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы кен орнына жұмыс сапары аясында штабқа бірқатар міндеттер қойды.

Ең алдымен, ілеспе қабат суын тұшыту зауытының жұмыс істеу мәселесі көтерілді. Ауа райының күрт суытуына байланысты мұнда шламды сусыздандыратын редуктор майы қоюланып, нәтижесінде құбырлардың бір бөлігі қатып қалды. Жедел қабылданған шаралар аясында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. ҚБМ мамандары мен арнайы техникаларын жұмылдыру арқылы құбырларды жылыту жүргізілді.

Зауыттың жай-күйімен танысқан ҚБМ басшылығы «СИТИК – Водная экология» (Ақтау) мердігер мекемесінің өкілдерімен кеңес өткізді. Тараптар мәселені одан әрі оңтайлы шешу жолдарын талқылады. Қазір арнайы құрылған комиссия жағдайды толық зерттеп жатыр. Басқарма жедел штаб мүшелеріне ертеңге дейін зауытты қыс маусымына дайындау және осындай жағдайлардың қайталану қаупін болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды қатаң тапсырды.

Бұдан соң, Бас директор Ли Тецян мен Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев қыс кезінде кен орнындағы өндірістік объектілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оқыс жағдайларға жол бермеу мәселелерін талқылау үшін өндірістік басқарма басшылығымен және цех басшыларымен кездесті. Жиналыста жанар-жағармай материалдары мен қажетті жабдықтардың, арнайы техникалар мен көлікке арналған қосалқы бөлшектерге қатысты сұрақтар қозғалды. Басты мәселелердің бірі – жұмысшылар тұратын, әкімшілік және өндірістік үй-жайларды жылумен қамтамасыз ету және барлық ғимараттарда қауіпсіздік техникасын сақтау. Өз кезегінде цех басшылары бірқатар еңбек мәселелерін көтеріп, пікір алмасып, ұсыныстар айтты.  

Кездесуді қорытындылай келе, ҚБМ Басқармасы жұмысшыларға электр қуатының жоспардан тыс ажыратылған кезінде қабылданған шаралар кешені мен ұйымшылдығы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ еңбек ұжымын белгіленген өндіріс жоспарын орындауға, жылды жақсы көрсеткішпен аяқтау үшін барынша күш салуға шақырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: