Главная Новости Қаражанбаста жұмыс өнімділігін арттыратын жаңа нысан ашылды
07 қазан 2024, 15:45 78

Қаражанбаста жұмыс өнімділігін арттыратын жаңа нысан ашылды

Қаражанбаста жұмыс өнімділігін арттыратын жаңа нысан ашылды

Қаражанбас кен орнында №3 мұнай өндіру цехының 32 «А» тобына жаңа операторлық пункт пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы, Өндірістік басқарма директоры және цехтың еңбек ұжымы қатысты.

Заманауи пункт жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартып, процестерді оңтайландырып, бақылау және басқару жүйесінің тұрақтылығын одан әрі сақтау мақсатында салынған. Ғимаратта операторлар мен шеберлер кабинеті, санитарлық бөлме мен шағын жиналыс залы бар. Пункт заманауи жабдықтармен, техникалармен қамтамасыз етілген. Жұмысшылар нысанды қуанышпен қабыл алып, компания басшылығына алғыс білдірді.

№3 МӨЦ қарамағында 1500 ұңғыма бар. Мұнда тәуліктік мұнай өндіру көлемі 3000 тоннадан асады. Ал цехтағы 6 бригада мамандары ұңғымалардың үздіксіз жұмысын қадағалауға жауапты. Мұнайшылар игілігі үшін ашылған жаңа нысанда барлық бағыт бойынша нәтижелер еселене түсетініне сенім мол.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: