Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мамыр мерекелеріне орай Қаражанбас кен орнында І вахта ауысымы жұмысшылары арасында спорт жарыстары өтті.
Мұнайшылар бірнеше зияткерлік және білек күшін талап ететін спорт түрлері бойынша тартысқа түсті. Сайыста үздік нәтиже көрсеткендер «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында өтетін жыл сайынғы спартакиадаға қатысады.
Іріктеу жарыстарының алғашқы минуттарынан-ақ мықты бәсекелестік байқалды. Сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлер саны айтарлықтай артқан. Қол күрес пен үстел теннисінде технологиялық көлік басқармасының және мұнай өндіру цехтарының қызметкерлері ерекше белсенділік танытты. Осылайша тәжірибелі де шыдамды спортшылар ойыны қызыққа толы болды.

Ал үстел теннисі мен тоғызқұмалақ кезінде мұнайшылар ептілік танытып, есеппен ойнады. Аталмыш жарыстарға бу өндіру цехының, пайдалану жабдықтарын икемдеп-жөндеу цехының жұмысшылары, бұрғылаушылар мен электриктер белсенді қатысты. Ұлттық ойындарды жетік меңгерген олар спартакиадаға қатысу үшін мықты команда құруға ниетті.
Іріктеу кезеңі ІІ вахта ауысымы жұмысшылары арасында да өтеді. Содан соң төрешілер ҚМГ-ның ауқымды спартакиадасында компания намысын қорғайтын жұмысшыларды анықтап, жеңімпаздар есімін жариялайды.
100
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
161
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
144
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету