Главная Новости Қаражанбаста құрылыс қарқыны жоғары
13 тамыз 2021, 08:44 1439

Қаражанбаста құрылыс қарқыны жоғары

Қаражанбаста құрылыс қарқыны жоғары

Қаражанбас кен орнында өндіріс бойынша әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы кен орнына жұмыс сапары кезінде бірқатар әлеуметтік нысандардың жоспарлы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Бас директордың бірінші орынбасары алдымен №1 мұнай өндіру цехы аумағындағы операторлық пункт құрылысын тексерді. Бұл нысан өндірістік процестерді жедел басқаруға және мамандар жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын аяқтау қыркүйектің алғашқы онкүндігіне жоспарланған.

Сонымен қатар, жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехындағы санитариялық-тұрмыстық ғимаратты жөндеу жұмыстары аяқталды. Нақтырақ айтсақ, жұмысшылардың жеке шкафтары мен жуыну бөлмесі жаңартылды. Интеграция аясында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін технологиялық көлікті басқару базасындағы медициналық пунктің жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Аталмыш медициналық мекеме тәулік бойы сапалы қызмет түрлерін көрсетеді. Тіпті реанимациялық процедураларды да жүргізе алады. Ол үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жыл басынан бері бірқатар өндірістік басқару объектілерінде жылыту жүйесін құру және іске қосу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келе жатыр. Жатақхананың 4-блогына да күрделі жөндеу жүргізіліп, жылыту жүйесінің жұмыстары толық аяқталды. Бөлмелерде жайлы микроклимат орнағандықтан, енді мұнайшыларға қыс мезгілінде электр жылытқыштарын пайдаланудың қажеті болмайды.

Мұнайды дайындау және айдау цехы аумағындағы оператор бөлмесінің ғимаратын жөндеу де ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Сондай-ақ бу өндіру цехындағы слесарь-жөндеушілердің еңбек жағдайлары назардан тыс қалмады. Ондағы шеберхана толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, ҚБМ басшылығы қабат суын тұшыту зауытының құрылысын тексерді. Мобильдік кеңес барысында мердігерлер құрылыстың қазіргі жағдайы туралы баяндап, бірқатар мәселе көтерді. Зауыттағы жабдықтар жоба бойынша орналастырылған.

Орнатылған резервуарлар пайдалануға дайын, тек технологиялық желіні сорғы станцияларына байлау жұмыстары қалды. Бұдан бөлек электрлік монтаждау жұмыстарына дайындық жүргізіліп, сыртқы қабырғаларды монтаждау жалғасып жатыр.

Кен орнындағы құрылыстар және жөндеу жұмыстарымен танысқан ҚБМ басшылығы мердігерлерге жұмыстың сапасы мен аяқталу мерзімін, жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауды тапсырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: