Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында №3 мұнай өндіру цехы салтанатты түрде ашылды. Аталмыш цех ұңғымалар қорының кеңеюіне, өндірістік көрсеткіштерді орындау қажеттілігіне және мұнайшылардың еңбек жағдайын жақсарту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша іске қосылып отыр.
№3 МӨЦ-нің ашылу салтанатына «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Ли Тецян, Бірінші Вице-президент Қуанышбай Нұрғалиев, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов қатысты. Басшылық ұжымды цехтің ашылуымен құттықтап, жұмысқа сәттілік тіледі.
«№3 МӨЦ-нің ашылуы, ең алдымен еңбек жағдайының жақсаруына байланысты. Аталмыш цех – жемісті еңбектің, өркендеу мен дамудың дәлелі. Ұжымның кәсібилігі мен тұтастығы, еңбекқорлығының арқасында компания өзінің тұрақты дамуын жалғастыра беретініне сенімдіміз», – деді ҚБМ АҚ Басқарма мүшелері.

Заманауи құралдармен жабдықталған жаңа цех еңбек өнімділігі мен өндірістік процестерді басқарудың тиімділігін арттыруға және жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
«Жаңа цехтің іске қосылуы бірнеше мәселені шешуге көмектеседі. Атап айтсақ қазір мұнай өндіру бойынша жылдық жоспардың 60-65% орындап отырған №2 мұнай өндіру цехінің жүктемесін азайтуға және процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Әріптестерді жаңа цех жұмысының басталуымен құттықтаймыз», – деді өндірістік басқарма директорының орынбасары Кәрім Бозахаров.
№3 мұнай өндіру цехы Қаражанбас кен орнын игерудің басталғанына 40 жыл толуына орай ашылды. Бұл мұнайшылар үшін көптен күткен маңызды күн. Жаңа нысан бірқатар технологиялық және әкімшілік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Цехқа №2 МӨЦ жұмысшыларының бір бөлігі ауыстырылады деп жоспарланып отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
237
19 марта 10:08
В Жамбылской области дали старт строительству ветропарка «Мирный» мощностью 1 ГВт