Главная Новости Қаражанбаста су тұшыту зауытын іске қосуға дайындық қарқынды жүріп жатыр
27 мамыр 2022, 08:30 1138

Қаражанбаста су тұшыту зауытын іске қосуға дайындық қарқынды жүріп жатыр

Қаражанбаста су тұшыту зауытын іске қосуға дайындық қарқынды жүріп жатыр

«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры Ли Тецян мен бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кен орнына апта сайынғы сапары барысында қабат суын тұшыту зауытындағы атқарылған жұмыстарды тексерді.

Зауытта іске қосу кезеңіне алдын ала дайындық аясында жұмыстар қарқынды жалғасуда. Жақын арада ҚСТЗ-ын орталықтандырылған электр энергиясына қосу жоспарланып отыр. Монтаждау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Зауыт құрылысы ҚБМ Басқармасының қатаң бақылауында. Сондықтан жұмыс кестесі мен сапасын сақтау қажеттілігі тағы да атап өтілді.

Бұдан соң, технологиялық көлік басқармасының №1 гараж аумағында жаңа арнайы техникалардың кілті табыс етілді. ҚБМ Басқармасы автопаркті жаңғырту және еңбек жағдайларын жақсарту жұмыстарын жалғастыра отырып, көлік қызметкерлеріне 25 тонналық екі жүк көтергіш автокран берді. Жаңа арнайы техника жұмыс тиімділігін арттыруға және көлік басқармасының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жұмыс топтары жаңа техникаларды ықыласпен қабылдап, қойылған міндеттерді жедел шешкен басшылыққа алғыс білдірді.

«10 жылдан астам уақыт бойы мен көтергіш көлік жүргізушісі болып жұмыс істеп келемін. Ескі краным жиі жөндеуді қажет ететін еді. Сондықтан бүгін бәріміз үшін маңызды күн. Біз заманауи көліктің келгеніне қуаныштымыз. Интеграцияның арқасында оң нәтижеге жетіп жатырмыз. Біз ҚБМ басшылығының мұнайшылар жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын көріп жүрміз», – деді №4 автотізбек жүргізушісі Валерий Тавожнянский.

Айта кету керек, өткен айда ТКБ-да екі жаңа автобус пен автогидрокөтергіш қызметке кірісті. ҚБМ-дағы техника мен жабдықты жаңғырту аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: