Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның ІІ вахта ауысымы жұмысшылары арасында «Үздік маман» дәстүрлі кәсіби шеберлік сайысының бірінші кезеңі басталды. Салтанатты ашылу рәсімінде Өндірістік басқарма басшылығы қатысушыларға қолдау көрсетіп, байқаудың басты мақсаты – тәжірибе алмасу, шеберлікті арттыру және еңбек ұжымын үздік нәтижелерге жетуге ынталандыру екенін атап өтті.
«Сіздер жұмыстарыңызды лайықты көрсете алатын өз ісінің шеберлерісіздер. Сондықтан сайыста жоғары нәтиже көрсететініңізге сенімдімін. Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз», – деді ӨБ директоры Кәрім Бозахаров.

Сайыс мұнай және газ өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, электр газ дәнекерлеуші, ҰКЖ, ҰЖЖ бригадалары, химиялық талдау зертханашысы, машинист, токарь, моторист сияқты 14 мамандық бойынша өткізіледі. 250-ден астам мұнайшы өз күші мен білімін сынап көруге ниет білдірді. Олар 1 кезеңде өз лауазымдары мен қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша тест тапсырды.
«Байқауға алғаш рет қатысықандықтан, қатты қобалжыдым. Тестілеу қорытындысы бойынша бағдарлама автоматты түрде сенің нәтижеңді көрсетеді. Мен берілген 20 сұрақтың 20-сына да дұрыс жауап бердім. Нәтижеге өте қуаныштымын, дегенмен алдағы тәжірибе кезеңінде үлкен жауапкершілікті сезінемін», – деді мұнай дайындау және айдау цехының тауар операторы Руслан Құрманбаев.

Кәсіби шеберлікті дамытуға ықпал ететін сайыс жұмысшылардың жан-жақты таланттарын ашады және инновациялық идеяларды талап етеді. Бірінші кезеңде ең көп ұпай жинаған жұмысшылар, екінші - тәжірибе кезеңінде үздік атану үшін тартысқа түседі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы