Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбаста мұнайшылардың білімін жан-жақты сынға салатын «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті. Мұнайшылар арасындағы білімділер бәсекесі жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Ереже бойынша қатысушы команда залдағы көрермендермен білімін таразыға салады. Ойында бақ сынауға 6 команда өтініш білдіріп, Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу бөлімінің ойыншылары таңдалды.
Білгірлер үстеліне 13 сектор бойынша сұрақтар орналастырылды. Сондай-ақ қатысушыларға алдын ала дайындалған бейнесұрақтар жолданды. Егер ойыншылар сауалдарға бір минут ішінде дұрыс жауап берсе, 1 ұпай еншілейді. Ал жауап қате болса, көрермендер тобының қоржынына түседі.

«Бұл нағыз «Не? Қайда? Қашан?» ойыны болды. Біз кәсіби саламыздан бөлек, тарих, мәдениет, жаңа технологияға қатысты бар білгенімізді ортаға салдық. Қай салада қызмет етсең де, оқу мен ізденуді ешқашан тоқтатпау керек. Ойын тартысты өтті. Жұмыстан тыс уақытымызды осындай шараларға арнаймыз», – деді «Білгірлер» командасының ойыншылары.

Ойынның әр маусымы сайын білгір мұнайшылар саны артып келеді. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, олар білім бәсекесінде бақ сынауға қашанда әзір. Ойын қорытындысына сәйкес көрермендер тобы «Білгірлерден» басым түсті. Компания басшылығы жеңімпаздарды марапаттап, естелік сыйлықтарын тарту етті. Ойын келесі вахта ауысымында да өткізіледі де жоспарланып отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
102
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
105
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы