Главная Новости Қаражанбастағы оқу-жаттығу: жатақханадағы өрт ауыздықталды
28 шілде 2022, 14:30 1296

Қаражанбастағы оқу-жаттығу: жатақханадағы өрт ауыздықталды

Қаражанбастағы оқу-жаттығу: жатақханадағы өрт ауыздықталды

Қаражанбас кен орнының вахталық кентінде жатақхана ішінде шартты өртті сөндіру бойынша жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуға «Семсер-Өрт Сөндіруші» өрт-құтқару қызметінің жауынгерлік топтары, сондай-ақ өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес Қаламқас кен орнынан жауынгерлік топ қатысты. Мақсат: өрт сөндірушілердің мұнай-газ кешені объектілеріндегі өртті сөндіруге дайындық деңгейін анықтау, объектінің ерікті өрт сөндірушілерімен өзара іс-қимылын пысықтау.

Тактикалық жоспар бойынша, №1 жатақхана ғимараты 8 блогының төртінші қабатында орналасқан бөлмеде өрт тұтанды. Жұмыс ауысымынан соң демалып жатқан мұнайшылар дабыл белгісін естіп, арнайы алаңға, қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Кезекші пультіне апаттық жағдай туралы хабарлама түскен сәттен бастап, бригада жатақханаға жақын орналасқан өрт сөндіру базасының аумағынан оқиға орнына 6 минут ішінде келді.

Өрт-құтқару бөлімшелері шартты өртті тез сөндірді. Алайда, бірден ғимаратқа таралған түтін ішінде екі қызметкерді қалып қойды. Жеке құрам автосаты көмегімен терезе арқылы кіріп, шартты зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. Біреуінің аяғы сынған, екіншісін -1,2 дәрежелі күйік шалған. Оларға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу процесіне 12 бірлік арнайы техника және 49 адам жұмылдырылды.

Түпқараған аудандық ТЖ бөлімінің басшысы-гарнизон басшысы, қатысқан барлық бөлімшелердің жұмысын «Өте жақсы» деп бағалады. Оқу-жаттығуларды бақылаған Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев өрт-құтқару қызметі мен өндірістік персоналдың өзара іс-қимылы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Оқу-жаттығу ҚБМ және өрт-құтқару қызметі басшы құрамының, өндірістік персоналдың объект аумағында апатты оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге дайындығын анықтауға мүмкіндік берді. Мұнай өндіру объектілері аумағында тұрақты өткізілетін практикалық сабақтар жобаның кен орнының қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар кешенінің құрамдас бөлігі.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: