Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнындағы ілеспе қабат суын тұшыту зауыты жобалық қуаты – тәулігіне 17 мың текше метрге шықты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына сапары аясында Қаражанбас кен орнына келіп, зауыт жұмысымен танысты.
Мұнаймен бірге өндірілген қабат суы тұшытылғаннан кейін кен орнында бу өндіру үшін техникалық мақсатта пайдаланылады. Сынақ режимінде іске қосылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін зауытта 6,4 миллион текше метрден астам су тұшытылды.
Жобаның әлеуметтік маңызы зор. Зауыт іске қосылғанға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ тәулігіне орта есеппен 21 мың текше метр Еділ суын тұтынса, қазір бұл көрсеткіш 5 мың текше метрге дейін төмендеді. Бұл өз кезегінде Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбыры арқылы келетін судың едәуір көлемін өңір халқының қажеттілігіне бағыттауға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, мұнай кен орнындағы ілеспе қабат суын тазарту қоршаған ортаға да оң әсер етеді. Қазір бұл – Қазақстандық мұнай кен орындарындағы осыған ұқсас ең ірі жоба.
Қабат (жерасты) суын тазарту тұндырғыштар мен флотация блогы арқылы жүзеге асырылады, содан кейін тазарту орташа және жұқа тазарту сүзгілерінің, ультрафильтрация блогының, содан кейін кері осмос блогы арқылы өтеді. Нысан 36 мың шаршы метр ауданда орналасқан, өнімнің қуаты – тәулігіне 17 мың текше метр (тазартылған бұл су көлемі тәулігіне 42,5 мың текше метр су қабат өңдеу кезінде алынады).
358
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
296
05 мая 11:53
Казахстан усиливает ИИ-инфраструктуру: проекты «Казахтелекома» представлены на GITEX 2026
230
04 мая 15:35
KEGOC: цифровизация и искусственный интеллект