Главная Новости Қаражанбастағы зауыт тәулігіне 17 мың текше метр су өндіре алады
08 шілде 2022, 08:33 1618

Қаражанбастағы зауыт тәулігіне 17 мың текше метр су өндіре алады

Қаражанбастағы зауыт тәулігіне 17 мың текше метр су өндіре алады

Қаражанбас кен орнына жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ілеспе қабат суын тұшыту зауытына барды. «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Ли Тецян және Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев өңір басшысына зауыт сынақ режимінде іске қосылғаннан кейін технологиялық процестердің сәтті жұмыс істеп тұрғаны туралы айтты.

Зауыттың негізгі объектілерінде Нұрлан Ноғаев кері осмос көмегімен көп сатылы сүзу және деминерализация әдісімен ілеспе қабат суын тұшытудың өндірістік процесімен танысты. Тазартылған техникалық су бу айдау әдісімен кен орны қабаттарының мұнай беруін арттыру үшін пайдалануға жарамды. Өңір басшысы зауыттың маңыздылығы мен келешегін атап өтіп, мамандардың жұмысын және кәсіпорынның өндірістік әлеуетін жоғары бағалады.

«Мен зауыттың құрылыс алаңында 2020 жылы, тек іргетасы қаланып тұрған кезде болдым. Ал қазіргі нәтижеге қарап, оның болашағы зор деп сеніммен айтуға болады. Бұл зауыт өңірдегі сумен қамту мәселесін шешудегі ірі жобалардың бірі. Стратегиялық маңызды өндіріс кен орнының өзін - өзі сумен қамтамасыз етуіне мүмкіндік беріп, облыс халқы үшін Астрахань-Маңғышлақ су құбырынан судың едәуір көлемін босатады. Мұнда заманауи технологиялар қолданылады және оқытудан өткен жоғары білікті мамандар тартылды. Технологияның күрделілігін ескере отырып, зауыттың іске қосылып, технологиялық талаптарға сәйкес жұмыс істеп тұрғаны қуантады», – деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Бұдан соң, инвестор, бас мердігер және зауыт персоналының қатысуымен өткен жиналыс барысында өңір басшысы процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, өндіріс көлемін біртіндеп арттыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Ал ҚБМ Басқармасына мұнай өндіру көлемін төмендетпеуге нұсқау берілді. Мәселен, толық қуатқа шыққан кезде ілеспе қабат суын өңдеу тәулігіне 42,5 мың м3 құрайды. Бұл кезде тазартылған суды өндіру тәулігіне 17 мың м3 жетеді.

Өңір басшысы нысанның тек компания үшін ғана емес, жалпы өңір үшін де маңыздылығын атап өтті. Өнімділігі мен бірегейлігі бойынша Қазақстандағы ілеспе қабат суын тұшытатын бірінші зауыт сумен жабдықтау мәселелерін ғана емес, сонымен қатар өндіру көлемін арттыру, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу санын мен грифон түзілу көлемін азайту сияқты бірқатар технологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, жұмыс делегациясы №3 мұнай өндіру цехының және орталық инженерлік-технологиялық қызметінің (ОИТҚ) жұмысымен танысты. №3 МӨЦ өткен жылы ұңғымалар қорының кеңеюіне, өндірістік көрсеткіштерді орындау қажеттілігіне және мұнайшылардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында ашылды. Өңір басшысы компанияда барлық бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелілігін атап өтіп, еңбек ұжымына табыс тіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: