Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында белсенділік танытты.
Компания басшылығы мен орталық кеңсенің 70-ке тарта қызметкері Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылына қарасты теңіз жағалауында сенбілік ұйымдастырды.
Облыс тұрғындары жиі демалатын орында тұрмыстық қатты қалдықтар мен пластикалық ыдыстар, сондай-ақ түрлі қоқыстар көп кездесті. Бірлігі жарасқан қаражанбастықтар таң атысымен аталған аумақты мұнтаздай таза етуге білек сыбана кірісті. Туған өлкенің тазалығын бәрінен биік қоятын патриот-мұнайшылар жиналған қалдықтарды қапшықтарға сұрыптап, топтастырды.
Бірлескен істе – береке бар. Сенбілік қорытындысы бойынша жалпы көлемі 200-ге жуық қапшық тұрмыстық қатты қалдық жиналып, қоқыс полигонына жіберілді. Айта кетейік, ҚБМ әлеуметтік жауапты компания ретінде өңірді абаттандыру және тазарту жұмыстарына үнемі атсалысады.