Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мұнайлы мекеннің қара алтын игеру саласына үлес қосқан ардагерлерді ардақтау – «Қаражанбасмұнай» АҚ-да ұзақ жылдардан бері қалыптасқан игі дәстүр.
Компания құрметті демалыстағы зейнеткерлерге үнемі көңіл бөліп, әлеуметтік қолдау көрсетеді. Басшылық бұл жолы да ұлыстың ұлы күнімен қатар келген рамазан айында өмірін өндіріспен өрнектеген 500-ге жуық ардагердің басын қосты.

Алдымен ҚБМ басқармасы зейнеткерлерді мерекелермен құттықтап, алғысқа толы жылы лебізін жеткізді. Одан соң компанияның кешегісі мен қазіргі тынысы қамтылған бейнероликтер көрсетілді. Ардагерлер жүріп өткен жолынан тағылымды естеліктер айтып, жас буынға жігерлі сөздерін жеткізді. Қаражанбастың жаңа нұсқада өңделген әнұраны шырқалған сәтте аға буын қызметтегі жылдарына сапар шегіп, ерекше әсер алды.
«Біз талай қиындыққа мойымай, бойымыздағы ынта-жігер мен ауызбіршілік арқасында кездескен кедергілерді абыроймен еңсере алдық. Сүйікті кен орнымызды қазіргі мұнайшылар буыны одан әрі дамытады деп сенеміз. Оларға компания тұрақтылығын сақтау және өркендету үшін зор жауапкершілік жүктелген. Аға буынды ардақтап, көрсетіп жатқан құрмет пен қамқорлығыңызға рақмет», – деп атап өтті ардагерлер.

Зейнеткерлерге құрмет ретінде мерекелік себеттер табыс етілді. Іс-шара өлке өнерпаздарының шағын концертіне ұласты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
75
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
82
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы