Главная Новости Қаражанбастықтар жаяу жүру маусымын бастады
04 мамыр 2022, 14:00 1187

Қаражанбастықтар жаяу жүру маусымын бастады

Қаражанбастықтар жаяу жүру маусымын бастады

Қаражанбаста мұнайшылардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған бірнеше тың жоба жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі – жаяу жүру, жүгіру арқылы сауықтыруды насихаттайтын «Денсаулық тобының» серуені.

Бұл жолы да қызметкерлер дәстүр бойынша жұмыс ауысымынан кейін жиналып, кен орны маңындағы теңіз жағалауына қарай бағыт алды.

Аталмыш топ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын ерікті мұнайшылардан құралған. Осылайша әр түрлі цехтар мен бөлімшелердің 30-дан астам жұмысшысы №1 бекет арқылы кен орны аумағынан шығып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, тас жолды кесіп өтті. Үш шақырым қашықтықты жүріп өткен мұнайшылар діттеген жерге жетіп, теңіздің саф ауасымен тыныстады. Бірлесіп бой сергітіп, дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

«Жаяу жүру – кез келген адамның денсаулығына өте пайдалы. Осы мақсатта «денсаулық тобы» бірнеше жыл бұрын құрылған еді. Алайда пандемия салдарынан былтыр серуенге шыға алмадық. Дегенмен биыл басымыз бірігіп – өз мақсатымызға қарай қайтадан нық қадам бастық», – дейді топ мүшелері.

Жұмысшылардың Қаражанбас аумағынан тыс серуені күн сайын өткізіледі. Бұдан бөлек мұнайшылар өзара жиналып, кен орнындағы спорт алаңдарында жаттығу жасайды.

Денсаулық тобына кез келген жұмысшы қосыла алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: