Главная Новости Қаражанбастықтар «Кемел адам» бестселлерінің авторымен кездесті
16 сәуір 2024, 17:32 290

Қаражанбастықтар «Кемел адам» бестселлерінің авторымен кездесті

Қаражанбастықтар «Кемел адам» бестселлерінің авторымен кездесті

Қаражанбастың І вахта жұмысшылары философия ғылымдарын зерттеуші, танымал теолог, жазушы, «Кемел Адам» бестселлерінің авторы Қайрат Жолдыбайұлымен кездесті.Жүздесуде эмоциялық интеллект тақырыбы кеңінен талқыланып, қарым-қатынас принциптері туралы мол ақпарат айтылды.

Күнделікті өмірде адамдар міндетті түрде өзгелермен қарым-қатынас орнатады. Басқалармен сөйлесіп, пікір алмасу барысында әңгіме бағытына қарай эмоционалдық жай-күй де өзгеретіні заңды. Сәтті диалог құру – оң шешімдер мен ымыраға келу кепілі. Спикер қарым-қатынас кезінде жағымсыз эмоцияны байсалдылықпен басқарып, ақпаратты дұрыс қабылдау мен талдау, негативті позитивке айналдырудың артықшылықтарыменбөлісті. Бұдан бөлек қаражанбастықтарға тұлғалық даму тақырыбы бойынша кейстер ұсынылып, келелі кеңестер берілді.

Ашық диалог форматындағы кездесу соңында мұнайшылар Қайрат Жолдыбайұлына сұрақ қойып, еркін пікір алмасты. Рухани даму бағытындағы жүздесуді орталық аппарат қызметкерлері мен келесі ауысым мұнайшыларына да өткізу жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: