Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары жылдағы дәстүрмен қол алысып, төс қағысып көрісетін көктемнің көрікті мейрамы - Амалды ерекше қарсы алды. Таң атысымен кен орнында тігілген ақ шаңқан киіз үйлер мен әуезді әндер мұнайшыларды мерекелік көңіл-күйге бөледі. Вахтадағы жұмысшылар мен орталық аппарат қызметкерлері үлкендерге әдеппен сәлем беріп, алдыңғы буын өкілдері жастарға бата-тілегін арнады.
Амал ажарын кеңсе қызметкерлері арасындағы сайыстар аша түсті. Қыз-жігіттер «Ай-Керім – Сал-серім» байқауында қазақтың ұлттық киімдерімен сән көрсетілімін жасады. «Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысында мұнайшылар өз өнерін көрсетуден сынға түсті. Сондай-ақ «Ыстық бауырсақ» жарысында департаменттер ұннан түрлі тағамдар дайындады. Сайысқа қатысушылар қатарластарынан оза шабу үшін бар шеберлігін паш етті.

Биылғы мейрам Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, кен орнындағы киіз үйлерде еңбек ұжымына ауызашар дастарханы жайылды. Қонақтар қатарын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, ҚБМ Басқармасы, қос кәсіподақ төрағасы толықтырды. Олар мұнайшыларды қазақтың жаңа жылымен құттықтап, бірлік пен ынтымақты ту еткен еңбек ұжымына толағай табыс тіледі.
Вахталық кенттегі мереке ұлттық ойындармен қыза түсті. Қаражанбастықтар асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қой көтеруден сайысып, балуандар боз кілемде белдесті. Жанкүйерлер қолдауы әр қатысушыға жігер беріп, жеңіске бір табан жақындатты.

Амалды жарқын көңіл күймен қарсы алып, жарыста жүзден жүйрік шыққандарға мақтау қағаздары мен сыйлық сертификаттары табыс етілді. Ал кеңсе қызметкерлері арасына үздік атанғандар есімі Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында белгілі болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»