Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Біз бүгін еңбек жолы жетістіктерге шабыттандырып, биіктерге жетелейтін кейіпкеріміз туралы айтып бергіміз келеді. Болатбек Балтин – мақсатына жетудегі табандылық пен жігерлілік табысқа жеткізетіннің айқын үлгісі. Ол өзінің қызмет белестерін Қазақмыс холдингіндегі техникалық жұмыстан бастаса, бүгінде «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды филиалына қарасты Жезқазған газ шаруашылығын басқарып отыр.
Болатбек академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде оқып, одан кейін «инемен құдық қазуды» «Болашақ» университетінде жалғастырған. Мансап жолының іргетасын Қазақмыс холдингінде қалауға кірісіп, геофизикалық жабдықтарды реттеуші болып жұмыс істеген. Уақыт өте келе асқаралы асуларды еңсеріп, қазіргі таңда «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалына қарасты Жезқазған газ шаруашылығының директоры қызметін атқаруда. Оның бастан кешкені баянды ғұмырған ұмтылған жас мамандар үшін ерік-жігер мен шабыттың жарқын өнегесі болып саналады.
Болатбек «QAZAQGAZ AIMAQ» компаниясы туралы Қарағанды қаласын газдандыру кезінде білген. Ол кәсіпорынның қызметіне қызығушылық таныта отырып, белсенді түрде қосымша ақпарат іздеуге, компанияның жобалары мен мүмкіндіктерін зерттеуге білек сыбана ден қойған. Содан соң барып, Болатбек, тату ұжымның бір бөлігіне айналу туралы нық шешім қабылдаған. Осылайша QSamruk.kz порталында өзінің біліктілігі мен қызығушылығына сәйкес келетін бос орынға жауап берген.
«Мен негізі QSamruk.kz порталымен бұрыннан таныс едім. Аталған сайт өзін сенімді және ыңғайлы жұмыс іздеу құралы ретінде танытқаны анық. Сервис шынымен қолайлы және қажетті ақпаратқа толы. Әртүрлі жас санатындағы адамдар үшін жақсы, бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат береді және дағдылар мен қызығушылықтарға сәйкес келетін жұмысты табуға көмектеседі. Онда тек «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары ғана емес, басқа да ірі жұмыс берушілер өздерінің барлық бос орнын орналастырады», - дейді Болатбек QSamruk.kz порталы жайлы алған әсерімен бөлісіп.
Болатбек іріктеудің кезеңдері – түйіндемені қарау, тестілеу және әңгімелесуден сәтті өткен. Осыдан кейін кәсіпорындағы еңбек жолын жетекші маман болып бастағанын еске салады. Өзінің кәсіби біліктілігі мен табандылығының арқасында бірнеше жыл ішінде ол өзінің мансабын айтарлықтай жоғарылатып, қазір «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының Жезқазған газ мекемесінің директоры қызметін жемісті атқаруда.
Қазіргі уақытта кейіпкеріміздің басты міндеті – өңірдің инфрақұрылымын дамытуда шешуші рөл атқаратын Жезқазған қаласының тұрғындарын газдандыру бағдарламасын жүзеге асыру. «Мен компанияның болашағы зор деп санаймын және оның дамуына үлес қосқым келеді. Мұндағы жұмысым ел үшін маңызды салада өсіп-өркендеу көкжиегі деп білемін», – дейді кейіпкеріміз мақтаныш сезімімен.
Компанияда жұмыс істеу Болатбекке әртүрлі сала мамандарымен тілдесуге жол ашқан. Бұл оның ой-өрісін едәуір кеңейтіп, үздіксіз білім алуға ықпал етеді. Оның үстіне, ол өзінің күш-жігерінің маңызды екенін сезінеді. Өйткені ол аймақтағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қоса алады.
Болатбек өмірдегі қызығушылығы мен ермегі туралы былай дейді: «Жылу маусымы басталғалы менің уақытым тығыз. Бірақ сонда да үнемі саяхаттауға уақыт табуға тырысамын. Өз көлігіммен саяхаттап, еліміздің жаңа қызықты жерлерімен қауышқанды ұнатамын. Бұл менің ойымды жұмыстан көңіл бөліп, сергуге және жаңа жетістіктерге шабыттануға көмектеседі».
Қазіргі уақытта QSamruk.kz сайтында Қазақстанның саналуан аймағынан 1100-ден астам бос жұмыс орны бар.
240 000-нан астам үміткер тіркелген және 2019 жылдан бері 68 000-нан астам бос жұмыс орны жарияланған. Платформаның бүкіл тарихында үміткерлер бос орындарға 700 000-нан астам рет жауап берген.
Самал Наурызова