Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы Қарашығанақ кен орнындағы газ бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасының сәтті аяқталуы туралы хабарлады. ҚГӨША жобасының өндірістік объектілерін іске қосудың салтанатты шарасына әкім Ғани Есқалиев бастаған Батыс Қазақстан облысының басшылығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев бастаған өкілдері, КПО бас директоры және «Сичим» мердігерлік ұйымның жетекшісі қатысты.
«Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарашығанақ кен орнын одан әрі игеру жөніндегі тұжырымына толық сәйкес келетін осы маңызды жетістігіміз туралы қуана хабарлаймыз. ҚГӨША сәтті аяқталуы Қарашығанақ кен орнын үздіксіз игерудің тарихи кезеңін білдіреді. Бұл жоба қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтау, оны экономикалық тиімді және мерзімінен бұрын аяқтау арқылы бұл саладағы стандарттарды жоғары деңгейге көтерді», – деді қондырғыны іске қосуға қатысты сөзінде КПО бас директоры Эдвин Блом.
ҚГӨША жобасы өндіріс деңгейін арттыру бойынша барлық өзге жобаларды, соның ішінде орындалуы басталған 4-кері айдау компрессоры және мақұлдану сатысынан өткен 5-кері айдау компрессоры жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік әлеуетті қамтамасыз етуді көздейді.
«Осындай маңызды жобалар Қарашығанақ кен орнында сұйық көмірсутектерді өндіру мерзімін арттыруға бағытталған. Бұлар Қазақстан Республикасына және Қарашығанақ жобасының акционерлеріне елеулі пайда әкеліп, тұрақты табыс көзін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге осы саладағы болашақ инвестициялық жобаларға және іске асыру кезінде жергілікті қамтуды барынша арттыруға тиісті ресурстарды ұсынады», – деді Эдвин Блом.
Газ бойынша өндірістік шектеулерді алу» жобасы 2018 жылдың соңында бастау алған болатын. Оның құрылысы тек 2021 жылдың төртінші тоқсанында ғана аяқталуы тиіс еді.
«Бірақ, COVID-19 пандемиясына байланысты шектеулерге қарамастан, барлық жұмыстар уақытынан бұрын аяқталды. Жобаны іске асыру жинақталған сұйық көмірсутектер өндірісінің қосымша өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дегенмен компания алдында бұдан да ауқымды міндеттер тұр. Мысалы, Қарашығанақты болашақ кеңейту жобасы. Ол жаңа жұмыс орындарын ашуға, қосымша инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік туғызады», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев:.
Бүгінге дейін ҚПО консорциумы Қарашығанақ кен орнын игеруге 27 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды, соның ішінде 8,2 миллиард АҚШ доллары жергілікті тауарлар мен қызметтерге жұмсалды. ҚГӨША жобасының жергілікті қамту үлесі 57 % құрады.