Главная Новости «Karazhanbasmunai cup»: Жасыл алаңда жас футболшылар
28 маусым 2024, 13:10 467

«Karazhanbasmunai cup»: Жасыл алаңда жас футболшылар

«Karazhanbasmunai cup»: Жасыл алаңда жас футболшылар

Ақтауда «Қаражанбасмұнай» АҚ алғашқы мұнай бұрқағының 50 жылдық мерейтойына орай балалар мен жасөспірімдер арасында шағын футболдан «KARAZHANBASMUNAI CUP» Республикалық турнирі басталды.

Доданың ашылу салтанатына ҚБМ Басқармасы, қос кәсіподақ төрағасы, облыстық спорт басқармасының өкілдері мен Қазақстан футбол құрамасының ойыншысы, «Зенит» футбол командасының мүшесі, Маңғыстау түлегі Нұралы Әліп қатысты. Алғаш боп сөз алған ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов көпшілікке компанияның осы күнге дейін жеткен жарқын жетістіктері жайлы айтып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Кен орнымыздан ең алғаш мұнай фонтаны атқылағанына жарты ғасыр толуы - компания үшін маңызды тарихи оқиға. Мерейтой қарсаңындағы жоспарланған ауқымды шаралардың бірі - осы турнир. Балалар - біздің болашағымыз. Дені сау, спорт сүйер ұрпақ арасынан еліміздің туын көкке желбіретер чемпиондар шығатынына сенімдімін», - деді Марат Елеусінов.

Жасыл алаңдағы аяқдоп бәсекесінде Атырау, Құлсары, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Түпқараған, Мұнайлы аудандарының 12 құрама командасы бақ сынайды. 2011-2012 және 2016-2017 жылы туған жас футболшылар екі күн бойы чемпион атануға барын салмақ. Алғашқы матч ақтаулық «BS team» және Мұнайлы ауданының «Namys» құрамалары арасында өтті. Сайысқа мықты дайындықпен келген жас спортшылардан ерекше жігер байқалады.

«Ойын өте жақсы басталды. Қарсыластар арасында мықты командалар көп екен. Бірақ біз жеңіске жету үшін келдік. Мақсатымызға жету үшін үздік ойын көрсетуге дайынбыз! Қаражанбастың мерекесі құтты болсын!», - дейді жас футболшылар.

Балалар мен жасөспірімдердің бәсекеге толы ойыны арқасында турнир тартысты жалғасып жатыр. Ал бағы мен бабы қатар шауып, чемпиондық кубок кімге бұйыратыны салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: