Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алпыс жылдық тарихында Қарсақ мұнай кен орнында 297 ұңғы қазылды. Қазіргі таңда пайдалану қорында 149 ұңғы қолданысты. Оның 93-і – тербелмелі қондырғы болса, 53-і бұрандалы сорап арқылы өнім береді. Кен қабат қысымын сақтау бағытында 32 ұңғыға су айдалуда. Берекелі ұжымымен ерекшеленетін Қарсақ мұнайшылары жоспарды сәтті орындап келеді.
Бүгінде кеніште ауысымдық әдіспен 110 адам еңбек етеді. Мұнайшылардың айтуынша, кен орнының сулану деңгейінің жоғарылығына қарамастан, жұмыс жасауға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жатақхана мен асхана ескі болғандықтан, 2010 жылы 50 орындық аталған әлеуметтік нысандар жаңадан салынды. Араға үш жыл салып, тағы қосымша 50 орындық модульдік жатақхана іске қосылды. Әлеуметтік нысандар толық заманауи жабдықтармен қамтылған. Іштері жайлы, жылы.
«Бұрғылау жұмыстары көптен жүргізілмеді. Соңғы рет 2015 жылы 3 ұңғыма қазылып, іске қосылған болатын. Дегенмен, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, күрделі жұмыстар жүргізу есебінен межені бағындырып келеміз. Табысты еңбек ету үшін қажетті қолдау, техника мен технология, жұмыс бригадалары жеткілікті. Қауіпсіздік техника талаптарының орындалуын мұқият қадағалаймыз. Жұмысшылар арнаулы қорғаныс киімдерімен уақытылы қамтылып, 3 мезгіл ыстық тағам беріледі. Қазіргі таңда қарсақтық мұнайшылар 60 жылдық мерейлі жылды табысты аяқтауға бір кісідей жұмылуда», – дейді Қарсақ кен орны №2 Қарсақ мұнай өндіру цехінің бастығы Лұқпан Бисалиев.
Соның нақты айғағындай, биыл кен алаңында 3 су бөлу пункті (ВРП) қосылды. Бұған дейін 2017 жылы осындай 5 пункт орнатылған. Цех бастығының мәлімдеуінше, кен орны қажетті сумен толық қамтылып отыр. Сонымен қатар, өткен жылы қажетті құралдармен толық жабдықталған жөндеушілер вагоны мен 2017 жылы оператор вагоны орнатылды.

«Бұрын мұндай талапқа сай жабдықталған вагондар болған жоқ. Енді жұмыс едәуір жеңілдеді. Сонымен қатар, жұмыс киімдерімізді ауыстыратын арнайы орын бар», – дейді қарсақтық мұнайшылар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
231
19 марта 10:08
В Жамбылской области дали старт строительству ветропарка «Мирный» мощностью 1 ГВт