Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстандық қор биржасы ең ірі қазақстандық ұлттық компанияның және Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы болып табылатын "KEGOC" АҚ-ның жай акцияларын қайталама орналастыру (SPO) қорытындылары бойынша KASE сауда-саттық жүйесінде 18,7 млрд теңге мөлшерінде қаржы тартылғанын хабарлайды. Бұл орналастырудың жалпы көлемінің 82,4%-ын құрайды.
"KEGOC" АҚ-ның KZ1C00000959 (KEGC) жай акцияларына KASE-де жазылу барысында инвесторлардан жалпы сомасы 28,8 млрд теңгені құрайтын 37 445 өтінім түсті. Соның ішінде жеке тұлғалардан түскен өтінімдер көлемі 12,6 млрд теңгеге (қабылданған өтінімдер көлемінің 43,9%), сақтандыру ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер және брокерлер түріндегі институционалдық инвесторлардың өтінімдері 14,5 млрд теңгеге (қабылданған өтінімдер көлемінің 50,3%) және заңды тұлғалардың өтінімдері 1,7 млрд теңгеге (5,8%) жетті. KASE-дегі ұсынысқа қатысты сұраныс 127 % құрады.
"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесі KASE-де жиынтық көлемі 18,7 млрд теңгені құрайтын 37 444 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Осыған орай, KASE-дегі сұраныстың жалпы көлемінің 64,9% қанағаттандырылды. Бұл ретте жеке тұлғалар берген барлық белсенді өтінімдер толық көлемде, заңды тұлғалардың өтінімдері ішінара қанағаттандырылып, институционалдық инвестордың бір өтінімі қанағаттандырылған жоқ.
Жеке тұлғалардың шоттарына орналастыру нәтижелері бойынша 12,6 млрд теңге (KASE-де орналастыру көлемінің 67,6%) сомасына қағаздар түсті, институционалдық инвесторлардың қанағаттандырылған өтінімдерінің көлемі 4,4 млрд теңгені (23,4%), заңды тұлғалардың өтінімдері 1,7 млрд теңгені (9,0%) құрады.
KASE сауда-саттық жүйесі арқылы өтінімдерге жазылу және жинау бойынша есеп айырысуларға Биржаның еншілес ұйымы – "KASE клиринг орталығы" АҚ кепілдік бергенін айта кеткен жөн. Өтінімдерді жинау кезеңінде KASE-нің 18 мүшесі өз клиенттерінің атынан өтінім берді. Бұл ретте жаңадан енгізілген шот омнибусы технологиясы бойынша KASE-ге 19 мыңнан астам инвестор өтінім берді.
KASE-де 2023 жылғы 28 қыркүйек пен 27 қазан аралығында өткен "KEGOC" АҚ-ның қазіргі акционерлері үшін басымдықпен сатып алу құқығы шеңберінде 3,9 млн теңге көлемінде акциялар сатылды.
KEGOC SPO толық ауқымда өткізу мақсатында KASE Қазақстанның 5 ірі қаласындағы жетекші жоғары оқу орындарының алаңдарында 2000-нан астам адамды қамтыған қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" жәрмеңкесін өткізді. Биржа қор нарығында қаржылық сауаттылықты арттыруды көздейтін "KASE-дегі менің портфелім" кешенді оқыту бағдарламасы, Бөлшек инвесторлар байқауы және "Биржалық симулятор" оқыту сауда-саттығы сияқты бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.
2014 жылдың соңында өткізілген "KEGOC" АҚ IPO барысында акцияларды сатып алуға берілген өтінімдер саны 41 991-ге жетіп, жалпы сомасы 16,7 млрд теңгені құрағанын естеріңізге саламыз. Сұраныс ұсыныстан 1,3 есе асып түскен болатын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы