Главная Новости Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы басталды
09 маусым 2021, 09:46 1362

Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы басталды

Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы басталды

Премьер-Министр Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында мұнай-газ химиясы және мұнай-газ машинасын жасау салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы Қашаған кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысы – газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді. Құрылыс орнында символдық уақыт капсуласы салынды. Салтанатты шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Шәріпбаев, NCOC басшысы Оливье Лазар және «GPC Investment» ЖШС өкілдері қатысты.   

Кәсіпорынның өңдеу қуаты жылына 1 млрд м³ дейін шикі күкіртті газды құрайды, одан 815 млн м³ тауарлық газ және 119 мың тонна сұйытылған газ, 212 мың тонна күкірт және 35 мың тонна газ конденсаты өндірілетін болады. Оны 2023 жылғы 4 тоқсанда пайдалануға беру көзделген.

Екі жылдан кейін бұл Қашағанда мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 450 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жоба экономикалық дамудың өзекті мәселелерін – елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны кеңейтуді, газ өңдеу саласын дамытуды және экологияны қорғауды шешу жөніндегі Қазақстан Республикасының нысаналы саясатына сәйкес келеді.

Зауыт құрылысы бірқатар маңызды міндеттерді шешеді, өйткені газ Қашаған кен орнында мұнай өндіруді ұлғайтуды тежеуші фактор болып табылады. Қосымша қайта өңдеу мұнайды дайындау жөніндегі бос қуаттарды пайдалану үшін «Болашақ» МГКДҚ-дағы жүктемені және газ шектеулерін алып тастайды. Бұл НКОК Мердігер компанияларына ӨБК-нің келісімшарттық кезеңінде шамамен 8-10 млн тонна мұнай өндірудің қосымша көлемін алуына мүмкіндік береді, газды қабатқа кері айдау көлемін азайтады.

Бұл іс-шаралардың барлығы Қашаған кен орнының шикізат базасын ұтымды пайдалануға және Атырау облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.  

Зауыт құрылысы кезеңінде 2500-ге дейін уақытша, ал пайдалану кезеңінде – шамамен 600-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: