Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау облысында Қашағандағы қуаты жылына 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысы белсенді жүруде. “QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары Ұлан Бүркітов ГӨЗ құрылыс барысына инспекция жасап, мердігер компаниялар өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында мердігер компания құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі статусы мен жыл соңына дейін қол жеткізілетін көрсеткіштерге тоқталды. Ұлан Бүркітов құрылысты одан әрі жеделдету қажеттігін жеткізді. Өндіріс қарқынын күшейтіп, құрылыс барысын жіті назарда ұстау қажеттігін ескертті. Әсіресе, өрт қауіпсіздігіне аса мән беруді тапсырды.

Бүгінде құрылысқа 1900 жуық жұмысшы жұмылдырылған. Түнгі ауысымға 140 жұмысшы тартылған. Жалпы жұмыс барысына 360 дана техника жұмылдырылған. Басты назар өнеркәсіптік мәселелерге, әсіресе түнгі ауысымда қауіпсіздік мәселелерін сақтауға аударылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:

Басты жұмыстар бойынша көрсеткіштер:
Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетасын құю бойынша бетон жұмыстары: 49 997 м³ (прогресс 66,7%)
Металл конструкцияларының монтажы: 3 603 тонна (17,8%)
Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 001 тонна (41,4%)
Резервуарлардың монтажы: 782 тонна (28,9%)
Жерасты құбырларының монтажы: 16 592 м (40,9%) «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығы құрылыстың барлық кезеңінде белгіленген мерзімдер мен сапа стандарттарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асырудың жүйелі мониторингін жалғастырады.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете